"Ресейге Қазақстанның таланттары қажет емес"

Асмира Ермекқызы - 10.07.20191573

"Ресей мен Қазақстан бәсекеге қабілетті болу үшін күш біріктіру керек. Қазақстаннан таланттыларды тартудың қажеті жоқ". Бұл туралы Ресей президенті Владимир ПУТИН Орал федералды университетінің студенттерімен кездесуде айтқан деп хабарлайды Жас АЛАШ Ресейлік "РИА Новости" сайтына сілтеме жасап.

Путин студенттермен болған кездесуде Ресей мен Қазақстан арасындағы гранттар жөнінде қойылған сауалға:

"Мен Ресейге таланттарды тарту жөнінде әңгіме қозғаған едім. Расымен, солай жасау керек. Бірақ, Қазақстаннан қажет емес. Неліктен? Себебі, Қазақстан сияқты елдермен басқаша мақсаттар болу керек. Біз күш біріктіруіміз керек. Ресейде дамыту керек нәрсені Ресейде. Қазақстанда не нәрсе тиімді, оны Қазақстанда жасау қажет," - деп жауап берді. 

Сондай-ақ, қазір Ресей жерінде Қазақстаннан барған 70 мыңдай студенттер білім алатынын атап өтті.

"Өткен жылдың өзінде 150, менің ойымша барлығы Ресейлік бюджет есебінен қабылданды. Егер бірлескен гранттарға қол жеткізсек, бұдан да жақсы болар еді. Қазір алғашқы қадамдар жасалуда. Біздің күш біріктіргеніміз жақсы деп ойлаймын," - деп толықтырды Владимир Путин.

Фото: newtimes.kz

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.