Полиция Санавар Закирова ұсталды деген ақпаратты "тексеріп жатыр"

Дерек көзі: www.azattyq.org - 11.07.2019244

Сәрсенбі,10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне жиналған жұрт, өздеріне белсенді Санавар Закированы әкелуді талап етті.

Жиналғандардың сөзінше, Алматыдан Нұр-Сұлтанға келген азаматтық белсенді Закированы сәрсенбі күні таңертең Назарбаевтың кеңсесіне келе жатқан жолда полиция алып кеткен. Бұл туралы ол телефон арқылы наразылардың біріне телефонмен хабарлап үлгерген. Қазір Закированың телефоны сөніп тұр.

Азаттық тілшісіне, экс-президент кеңсесінің жанында жүрген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Сабыр Жүсіпбеков полиция Закированы ұстамағанын айтты.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі де өздерінде Закированың ұсталғаны жайлы ақпарат жоғын айтты. Бірақ, кеше, полиция Закированы аз уақытқа ұстап, кейін босатқандарын жасырмады.

10 шілде күні таңертең сот шешіміне наразы отыздан аса азамат биліктегі "Нұр Отан" партиясының төрағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесіне келді. "Назарбаев орталығы" аталатын ғимарат алдына жиналған адамдар ведомствоаралық комиссия құрылып, істердің қайта қаралуын сұрайды.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.