Маска киген адамдар: Әблязов КНБ-ға жұмыс жасайды (видео)

Нұрболат Әлдибек - 11.07.20195982

Оппозициялық саясаткер Мұхтар ӘБЛЯЗОВ ҰҚК-де қызмет етеді. Желіде беттерін тұмшалап алған қара киімді адамдар осындай мәлімдеме жасады.

Олардың сөзінен аңғарғанымыз бұл белсенділер Қазақстанда тыйым салынған ҚДТ (ДВК) қозғалысының мүшелері сынды.

«Әблязов енді сен ДВК-ның көшбасшысы емессің. Халық көшбасшысын өзін таңдауы керек. Егер сенде қазақи рух, қазақи намыс қалған болса, таңдауды қазақтардың өзіне қалдыр. Біз ДВК жетекшісіне Нұрсұлтандық жүйеде қызмет етпеген тәуелсіз жастардың келгенін қалаймыз. Әблязов бізді қой сияқты басқарып өзінің мақсатына пайдаланып келеді. ДВК белсенділері бұған қарсымыз», - дейді беттері тұмшаланғандардың бірі.

Былтыр 2018 жылы экстремистік ұйым деп танылған ДВК (Қазақстан Демократиялық таңдауы) 2001 жылдың қараша айында құрылған еді. Оның көшбасшылары Мұхтар ӘБЛЯЗОВ пен Ғалымжан ЖАҚИЯНОВ болатын. Бұл қозғалысқа сол кездегі вице-примьер Ораз ЖАНДОСОВ,  еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Әлихан БӘЙМЕНОВ, қорғаныс вице-министрі Жанат ЕРТІЛЕСОВА,қаржы вице-министрі Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, банкир Нұржан СУХАНБЕРДИН, депутаттар Төлен ТОҚТАСЫНОВ, Серікболсын ӘБДІЛДИН, Зәуреш БАТАЛОВА, Болат ӘБІЛОВ кірді. Айтпақшы, Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ құдасы, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік ИМАШЕВ та осы қозғалыстың мүшесі болған.



Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар