"Түрмеде жақсы адамдармен отырдым"(видео)

Асмира Ермекқызы - 11.07.20193545

"Түрмеде ешқандай қиыншылық көрген жоқпын". 11 миллион пара алды деп ұсталған Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира СУХАНБЕРДИЕВА журналистердің түрмедегі өмірі жайлы қойған сауалдарына осылай деп жауап берді.
Желіде тараған видеода Эльмира Суханбердиева түрмеде ешқандай қиындық болмағанын, 2 адам болып отырғандығын айтады. 
"2 адам болып отырдық. Ешқандай қысым, қиыншылық болмады. Өте жақсы адамдармен отырдық. Құқық қорғау органының жұмысына да өкпем жоқ. Неге десеңіз, бәрі заңды түрде өтті," - дейді вице-министр.
Суханбердиева бұған дейін сот залында өзінің түрмеде отырып кітап жазғанын мәлімдеген еді. "Түрме вице-министрдің көзімен" деп аталатын кітап жақын арада шығып қалатынын, қазір баспа орталықтарымен келісім жасалып жатқандығын айтқан. Тіпті, бұл кітапты шетелдіктердің сұратып жатқандығын жасырмады.
Айта кетейік, Вице-министр 6 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының шешімімен екі айға қамауға алынған болатын. Шенеунік «қызметтік лауазымын асыра пайдаланды» және «заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты» деген баптар бойынша айыпталған.

10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық №2 сотында кінәлі деп танылып, 2500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлеміндегі айыппұлмен босап шыққан.


Фото: vlast.kz


Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.