Мұхамедиұлы музей директоры болды

Оралхан Дәуіт - 11.07.2019994

Қазақстанда музей директорын да президент тағайындайды екен. Бір ай төрт күн жұмыссыз болған экс-министр музей басшысы болды.

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өкімімен Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры болып тағайындалды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» akorda.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін музей басшылығында Алмас НҰРАЗХАН болған еді. Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ 2014 жылдың 6 тамызынан 2019 жылдың 17 маусымына дейін мәдениет және спорт министрлігін басқарды. Бір ай төрт күн жұмыссыз жатқан экс-министр осылайша музей басшылығына келді.

Фото: vk.com

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар