Субсидия: Шығыста кәсіпкерлер сотқа тартылып жатыр

Сәтжан Қасымжанұлы - 11.07.20191596

Шығыста кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары сотқа тартылып жатыр. Бұл туралы «Жас алаш» тілшісі ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып хабарлайды.

Шаруа қожалықтарына субсидия берілуі барысында «бармақ басты, көз қыстылыққа» жол берілгенін анықтаған облыстық прокуратура асыл тұқымды мал басын сақтау, өсіру мақсатында берілетін дотацияға сәйкес 261 шаруа қожалығының тиісті келісім-шарттарды орындамағанын анықтап отыр. Соның салдарынан жалпы сомасы 78 млн теңге қаражат дұрыс игерілмегендіктен, мемлекетке қайтарту көзделуде. Бұдан басқа, малы жоқ немесе өтінімдерінде бөтен малды көрсеткен шаруа қожалықтарын заңсыз субсидиялауының 4 фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Қазіргі күнде 97 кәсіпкер ерікті түрде 13 млн теңгені қайтарса, 26 шаруа қожалығының материалдары сотқа жолданған.

«ЖШС басшылары мен шаруа қожалықтарының салықтан жалтару фактілері да орын алған. Мысалы, 78 кәсіпкер жылдық жиынтық табысында 400 млн теңгеден астам субсидия сомасын көрсетпеген. Жеке кәсіпорындар өз жұмысшыларына зейнетақы төлемдерін аудармаған. Салық органдары түспеген салық және зейнетақы төлемдерін өндіру бойынша шаралар қабылдауда. Қазіргі кезде 14,5 млн теңге қайтарылды» делінген ШҚО прокуратурасының мәлімдемесінде.

Көрнекі фото: ternopil.ukraines.news

Мақала авторы:

Сәтжан Қасымжанұлы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар