Жол сапасы бойынша Қазақстан 106-шы орында

Оралхан Дәуіт - 11.07.2019520

«Нұрлы жол» бағдарламасы қашан өз нәтижесін береді? Қазақстан 2018 жылдың қортындысы бойынша жол сапасы ең нашар елдердің қатарына енген. Бұл туралы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыынң орынбасары Олжас БЕКТЕНОВ мәлімдеді. 

«Жолдардың нашарлығы ең бірінші халықтың жанына батады. Әлемдік рейтингте 140 елдің ішінде Қазақстан 106 орында. Бұл біз аутсайдерлердің қатарындамыз деген сөз. Бұның бәрі жемқорлықтың кесірі», - деді Бектенов мырза. 

Олжас Бектеновтың айтуынша, соңғы 3,5 жылдың ішінде жол құрылысында жемқорлық іс бойынша 100 іс тіркелген. «ҚазАвтоЖол», «ҚазақАвтоДор» және жергілікті билік өкілдері ұсталған. Бұл салада пара алу, бюджет қаржысын жымқыру, заңсыз кәсіпкерлікке көз жұма қарау көп екен.  

Фото: zhasalash.kz

 

 

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар