Twitter-де техникалық ақау байқалды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.07.2019181

Twitter әлеуметтік желісінің жұмысы әлем бойынша қиындады. Бұл туралы 11 шілдеде DownDetector қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желі жұмысына қатысты ең көп арыз АҚШ, Бразилия, Батыс Еуропа елдері мен Жапониядан түскен.

Twitter таспасын компютерден ашқандарда "техникалық ақау" туралы ескерту пайда болған. Ал мобильді телефоннан ашқандарда оның "ішінде қателік" бары жазылған.

Компания әзірге мұның себебін түсіндірген жоқ.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.