«Президент мырза, анамды босатыңызшы»

Қайсар Қауымбек - 12.07.20191274

Өзбекстанның бірінші президенті Ислам КАРИМОВТЫҢ қызы Гүлнар КАРИМОВАНЫҢ түрмедегі жағдайы өте ауыр. Оған тез арада ота жасату керек екен. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайты хабарлайды.

Гүлнар КАРИМОВАНЫҢ қызы Иман КАРИМОВА Instagram желісінде Өзбекстанның екінші президенті Шавкат МИРЗИЕЕВТЕН анасын босатуды сұрады.

«Құрметті Шавкат МИРОМОНҰЛЫ, анама жедел арада ота жасату керек. Бізге құлақ түруіңізді сұраймын.Сіздің әйелдер жазасын либерализациялау туралы жаңа бағдарламаңыз да бар», - делінген жазбада.

2017 жылдың 18 желтоқсанында он жылға бас бостандығынан айрылған Гүлнар Каримова 2018 жылдың шілде айында бес жылға үй қамаққа ауыстырылған болатын. 46 жастағы сотталушы жазасын тұрғылықты жерінде өтеуі тиіс еді. Сондай-ақ, үйден шықпай және интернет және басқа да байланыс құралдарын пайдаланбауы керек еді. Алайда, 5 наурыз күні Гүлнар Каримова түрмеге тоғытылды.

Фото: ca-portal.ru


Мақала авторы:

Қайсар Қауымбек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Айдана Каркеновна 15 Шілде, 2019

Тіркелгеніме қуаныштымын!

Жауап беру

Ұқсас жаңалықтар