"Кейбір айтыскерлермен жұмыс жүргізілмегендіктен олар билікке қарсы шықты"

Асмира Ермекқызы - 12.07.20191819

Бауыржан БАЙБЕК билікке сын айтатын айтыскерлер жайлы ойын айтты. Бұл туралы Жас АЛАШ "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап хабарлайды.

"Нұр Отанға" қайта оралған Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Онда партияның активтерімен кездесіп, алдағы жоспарларды талқылады.
Қызметіне кіріскен Бауыржан Байбек алдымен бұрын өзі басқарған партияның қазіргі халіне көңілі толмайтынын жеткізді. Жұмысы нашарлап кеткен.

Сондай-ақ, айтыскер Мұхтар НИЯЗОВТЫҢ ұлттық өнерге қатысты жоспары туралы сұрағына осылай деп жауап берген:
"Кезінде айтыскерлер үлкен сахнадан Nur Otan туралы айтып, халыққа оны жақын көрсеткен болатын. Соңғы сайлауда өздеріңіз білесіздер, кейбір айтыскерлер билікке қарсы шықты. Неге? Олармен нақты жұмыс жүргізілмеген. Қазіргі кезде кейбір айтыскерлердің деңгейі төмен. Жалпы әңгімені айтады, халыққа ұнау үшін. Ұпай жинау үшін", - деді ол. 

Айтуынша, енді партия айтысты қолға алады. "Тіпті, осы күзде-ақ Алматыда "Nur Otan" партиясының ұйымдастыруымен айтыс өткізілетінін болады. Ақындарымыз қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық айтуы тиіс. Бірақ барлығы конструктивті болуы қажет», - деді Бауыржан Байбек.


Фото: aitysker.org

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.