Намыс туралы

Ермек Тұрсынов - 14.07.20191490

Ұлттық  намысты ояту  көне түркілік одақтардың  пайда болуының тарихын  танумен тікелей байланысты болуы керек. Дала шежіресін  оқытуды   түбі, бүлкілдеген тамырдағы қаны бір түркінің бірлігін дәріптеуге  дейін жеткізуіміз керек. Ұлы Тұран мен Ұлы Дала тарихы біздің өрлеуіміздің  қайнарына айналар сонда. Ұлт үшін рухани ассимиляциядан асқан қауіп жоқ екенін естен шығармау керекпіз. Біз байырғы пассионарлық қасиеттен жұрдай болдық.  Сондықтан бүгінгімізден мақтанарлық түк таппай тарихқа жүгінгішпіз. Сол тарихтың өзін де мандытып білмейміз. Тек үзінділер. Әсіріесе, мақтануға оңтайлы «жеңісті» сәттерді жаттап алғанбыз.  Өкініштісі, тарихи деректің бір жағымсыз тұсы бар –   ол тез  тозады.  

Ал, адамзаттың талбесігі болған алып материк, ұшан теңіз территория мен түркілердің (ғұн, скиф, сақ, торғауыттар, көктүркілер...) ұлы мәдениеті сол түрен тимеген қалпы тың жатыр.  Дәл осы Алтай етегінен, Ұлы жібек жолынан түркілерге ілесіп, ой, мәдениет,  дүниетаным, кеңістікті ұғыну сынды түсініктер өрледі емес пе... Бұл даладан әлемнің төрт бұрышына тек соғыс өрті (соғыстың да мәдениеттің өркендеуене әсері болғанын айта кеткен жөн) тарады! – дегендер жаңылысады. Осы қасиетті қазанда күллі адамзатқа азық боларлық ет асылған. Сол «еттің» кесектері әлемнің барлық данагөйлеріне талғажау болған. Қазір оны ұмыттық. Әлде басқа арнағы бұрып жібердік. Мәнін бұздық.

Біз– түркілер – өте ұзақ ұйықтадық. Әлі де мүлгіген күйдеміз. Ояна қалсақ қандай түс көргенімізді есімізге түсіре алмаймыз.  Көз ілгенде көретініміз – өткеніміз.  Ол өте күрделі. Сөйте тұра оған данышпандық пен көркем ой тұнған. Оның ғұламалығы мен сұлулығын айтсаң кез келгеннің аузы ашылар. Біздікі – айтып беру.  Біздікі  – баяндау. Мазмұнын бұрмай, шынайы жеткізу.

Жадымызды жаңғыртып, бәрін пленкаға түсіруіміз керек. Осыдан кейін үлкен іс тындырғаныңды ауыз толтыра айтуға болады. Ұлттық намыс пен танымды оятуға тарихтан артық ештеңе де әсер  алмайды.

 

Аударған Серік Әбікенұлы

Фото: adebiportal.kz

Мақала авторы:

Ермек Тұрсынов

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Сайт Әкімшілігі

Оразада ауыз ашар беруге тыйым салынуы мүмкін

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Калибаев Нурсултан

Бас санитар дәрігер: Коронавирустан көз жұмғандардың сүйегі туыстарына берілмейді

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: COVID-19-ға қарсы адамдарда иммунитет жоқ

Орынбасар олқылығын түзепті

Сәтжан Қасымжанұлы

Орынбасар олқылығын түзепті

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Сайт Әкімшілігі

Уәлихан ҚАЛИЖАН, «Жас Алаш» ұлттың рухани ұстазы болды

Қазаққа күйік болған не?

Сайт Әкімшілігі

Қазаққа күйік болған не?

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус: қай ел қанша өтемақы төлейді?

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Сайт Әкімшілігі

Нұр-Сұлтанды "әскер" дизенфекциялап жатыр (видео)

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Сайт Әкімшілігі

Дүрбелеңмен өтті ғой, Тоқаевтың көп күні

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Сайт Әкімшілігі

Елімізде коронавирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Сайт Әкімшілігі

Дәурен Абаев: Адам шығыны болған жағдайда алгоритм жүйесімен жерленеді

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

Сайт Әкімшілігі

Абайлаңыз, қоқыстағы маска сатылымда болуы мүмкін (видео)

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Сайт Әкімшілігі

"Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін" (видео)

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан қалай сақтану керек? (видео)

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

Сайт Әкімшілігі

Жұрт білетін «Жас Алаш» 100 жылдыққа қадам басты

БІз кімге сенеміз?

Сайт Әкімшілігі

БІз кімге сенеміз?

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Сайт Әкімшілігі

«Ешкімге дауысымды бермеймін»

Біз қожайын болудан қалыппыз

Сайт Әкімшілігі

Біз қожайын болудан қалыппыз

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Сайт Әкімшілігі

Тұрарбек мырзаға хат: Үндемеші, жарқыным

Ұқсас жаңалықтар