«Дұға тілектеріңізге рақмет»

Нұрболат Әлдибек - 14.07.20191947

Қазақ дзюдошысы Елдос СМЕТОВ Будапешт қаласында өтіп жатқан Гран При турнирінің алтын жүлдесін ұтіп алды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» Қазақстан дзюдо федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос СМЕТОВ бұл жарыста бес кездесу өткізді. Бірінші белдесуінде IJF спортшысы Мохаммад Рашнонежадты, екінші кездесуінде өзбекстандық Кемран Нуриллаевты, іріктеу кезеңінің үшінші белдесінде тайпейлік Уэй Янг Юнгті уақытынан бұрын таза жеңді. Жарыс фавориті саналған отандасымыз жартылай финалда болса нидерланд спортшы Торнике Цжакадоеаны ұтты. Финалда 2014 жылғы әлем чемпионы, мұңғұл балуаны Ганбат БОЛДБААТАРДЫ жеңді.

«Ассалаумағалейкум құрметтң менің жанашырларым. Баршаларыныздың қолдауларыңызбен дұға тілектеріңізге үлкен рақмет. Аллаһ баршамызға разы болсын. Әмин!», – деп жазды спортшы instagram.com желісінде.

66 келіде өнер көрсеткен Елдос ЖҰМАҚАНОВ Қазақстан ұлттық құрамасының қожынына күміс жүлде салды. Ол да финалда мұңғұл балуанымен шыққан. Алайда Ганбат ХЕРЛЕНГКТЕН айласын асыра алмады.

Венгрия астанасында өтіп жатқан бәсекеге әлемнің 85 елінен 500-ден аса татами шеберлері қатысып жатыр.

Фото: fdk.kz



Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар