Чемпион екі айға қамалды

Әйгерім Жетпісова - 16.07.20191315

Бокстан әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионы, кәсіпқой бокста биыл ғана NBA America тұжырымы бойынша чемпион атанған Аслан МҰҚАНОВ екі айға қамауға алынды. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайты хабарлайды.

Чемпион Қостанай аудандық сотының ұйғарымымен екі айға қамауға алынып отыр. Ол қылмыстық кодекстің 99 бабының 2  тармағы 3 пункіті бойынша күдікке ілігіп отыр. Яғни адам өлтірді деген айып тағылды.

11 шілде күні спортшы Алтын дала ауылының маңынан ұсталған. Ол жерде Аслан Мұқановтың әпкесі тұрады. Тергеу болжамы бойынша күдікті жездесіне пышақ жұмсаған.

Аслан Мұқанов Катар құрманыда да өнер көрсеткен. Соңғы жарты жылда Колумбияда тұрған.

Фото: 24.kz






Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар