Жыртыңдаған жастар, ыржиған езулер

Ермек Тұрсынов - 21.07.20193672

Еліктеу, көшірме болу қанымызға сіңіп кетіпті. Бәріміз «біреуге ұқсауды армандаймыз». Орыста «Наша раша» деген, Ресейде  жүрген Орталық Азиялық  мүсәпірлерді мазақтайтын хабар ашылды. Шұғыл түрде қазақтың өзін қорлайтын «Наша казашаны» шығардық. «Комеди клабты» көре сала сқақшылар клубтарын қаптаттық. Бәрі сылдыр су, «Жәй клабтар».   Ресей арналарындағы қалжыңның да кейде қырсыз болатыны бар. Бірінші каналдан да «сарғыш» рең байқалады соңғы жылдары. Алайда қанша нашар десек те сынауға болады. Өйткені олардың юморында негіз бар. Ал, біздегі бос сөз. Демек,  сынайтын да түк жоқ. Көбік сынды.... көлемі үлкен, салмағы жоқ. Былайша ұқсайды. Тура сол декорациялар, сол стиль. Еркін сөз, жүгенсіз қылжақ... Жыртыңдаған жастар, зордың күшімен  ыржыйған езулер. 

Өздігінен ештеңе ойлап таба алмайтынымызды осыдан байқауға болады. Ерекше ой,  қазіргіше айтқанда креатив жетіспейді. «Тамашадан»  басқа мақтанарлық түгіміз жоқ. Оны да пікір айтпай, тек еске алып қойғанымыз жөн болар.

Бұл тақырыпты неге қозғадым?  Сол хабарларды жасап жүргендерге: «Бауырларым, ойындарың осылып барады, ел көріп отыр ғой, қойсаңдаршы.  Ұрласаңдар да ұялмайтындай етіп жасасаңдаршы» деп тіке айтуға болар еді. Бірақ, қажеті қанша? Біріншіден, ешкім сөзіңді елемейді. Екіншіден, олардың еш кінәсі жоқ. Еттері өліп кеткендіктен тірліктерінің күлкілі екенін ұға қоймайды. Тіпті, түкке болмайтынды сөз етіп қайтесің деп өзімді келемеждеулері мүмкін. Үшіншіден, шығармашылық топқа « идеяны»  кәсіби мамандар шайнап беріп отыр. Өз деңгейлеріне сенімді болғандықтан олар  жұмыстарының тым сапасыз екеніне ешқашан сенбейді. «Тобыр не берсең де жей береді» деген ұстанымнан адасқан емес. Рейтинг туралы желікті сөздерді қанат етіп, қияға «самғата» бермек көрермен санасын. Бар білгендері осы. Осы тұста мен ешкіммен пікір таластырып, қызыл кеңірдек болуды қаламайтынымды айта кетейін. Мен теледидар арқылы өмір желісін айқындап қана отырмын.  Оның үстіне депутаты, балерина, зілтеміршісі бар шуылдаған «әнші» жұрт тым көп. Олардың мақсаты ел көзіне көріну.  Экраннан түспейтін, танымал ТҰЛҒА болу. Мұндай мақсат қуған адамдар күй буған саңырауқұр  сынды ештеңені естімейді. Олар «N-нің» бәленшебайыншы көшірмесі екендерін қаперге алмайды, қысылмайды. Біреулердің жалған жетістігінің  сүрлеуіне түсіп кеткендерін де түсінгілері келмейді. Шынайы дүниенің  шарасыз көшірмелері. Фанера,  дыбыс жаңғыртатын жасанды ағаш.  Қасіреттісі – экрандағы тонналаған түкке тұрмайтын дүниелерді халықтың жиренбей қабылдай бастауы. Ендігі жерде оны жеңуіміз мүмкін емес шығар. Бұзылған астан көк дәмін кетіре алмайсың.... 

Аударған Серік ӘБІКЕНҰЛЫ

Фото: kino.rambler.ru


Мақала авторы:

Ермек Тұрсынов

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Ұқсас жаңалықтар