Сайрам-Өгемдегі сенбілікке 800 адам қатысты

Сайт Әкімшілігі - 30.07.2019504

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясы табиғаты ерекше, сирек аң-құсы, өсімдіктер дүниесімен танымал Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өтті.

Акцияға Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері, Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігі мен мәслихатының, «Нұр Отан» партиясы ардагерлер кеңесінің және басқа да қоғамдық ұйымдар өкілдері, жергілікті кәсіпкерлер, Kaspi банк қызметкерлері, экологиялық ұйымдардың өкілдері, белсенділер, еріктілер, мектеп орманшылықтары және де БАҚ өкілдері қатысты.

Экологиялық сенбілік аясында жол бойын, өзен жағалауы және демалыс алаңқайларын, кордон-демалыс үйлерінің, өткізу-тазалау бекетінің төңіректерін тазалап, тәртіпке келтіру, абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырды.

"Сайрам-Өгем"мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры Сахит ҚЫНТАЕВ аталған экологиялық акция азаматтарды Қазақстанның флорасы мен фаунасын сақтауға және экологиялық мәдениетінің дамуына септігін тигізетінін айтты. Оның айтуынша, Сайрам-Өгем  аумағында өткен сенбілікке 800-ге жуық азамат қатысқан.   

Мақала авторы:

Сайт Әкімшілігі

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.