Қостанайдағы егінжай күні

Калибаев Нурсултан - 04.07.2019576

Биыл еліміздің солтүстік өңірінде бұрыннан егіліп келе жатқан дақылдармен қоса соя егу ісі де көптеп қолға алына бастағаны мәлім. Биыл «Солтүстік соясы» атты арнайы бағдарлама аясында мың гектар жерге соя егілген. Әзірге өсім ойдағыдай. Бұл көрсеткішті алдағы уақытта 1,5 гектарға жеткізу жоспары тұр. Сол себепті, қандай жиын өтпесін, қандай кеңес болмасын «Солтүстік соясы» айтылмай қалмайды.

Қазақстандағы егіс алқабының көлемі ғана емес, өнім көлемі бойынша да ылғи да алдымен аталатын Қостанай облысы биыл 4555 миллион гектар жерге дән екті. Демек, бұл өңірдің диқандары жиі бас қосып, шаруа жайын талқылап тұруға тиіс. Осыған орай дәстүрлі егінжай күні биыл да өтті. Аудан әкімдері, аймақ диқандары, мал өсіруші шаруалар, ветеринария мамандары, ауыл шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын қорғау ғылыми-зерттеу институты мамандары, тұқым шаруашылығы, техника, қосалқы бөлшектер саудалаушы компаниялар қатысқан егістік күнінде ауылшаруашылығы техникаларын цифрландыру, егіс алқаптарын әртараптандыру және сояның көлемін ұлғайту мәселелері сөз болды. Әр тараптан келген өкілдердің ерекше тоқталғаны – бәсекеге қабілетті, яғни, халықаралық нарықта үлкен сұранысқа ие дақылдардың көлемін ұлғайту, жерді тиімді пайдаланып қана қоймай, майлы дақылдарды әр сепкен сайын жерді тыңайтып отыру технологияларын да сөз етті. Бұлай болмас жөні де жоқ, өйткені, жерді тыңайтып отыруға дұрыстап мән бермесе, соя егілген жер аз жылдың ішінде-ақ жарамсыз болып қалуы мүмкін. Осы себепті, ғылыми-зерттеу институттары мен шаруалар әріптестікте қимылдап, тиімді тыңайтқыштар шығаруға тиіс. Міне, Қостанай ауданы «Заречный» ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында» өткен басқосу осы проблемалар төңірегінде сөз қозғады.

Басқосуда сөз болған тағы бір мәселе – жылдағы дәстүрлі сұрақтар төңірегіндегі кеңес. Егіннің шығымы, күн райы және оны тиімді пайдалану, ауа райын алдын ала болжай білу, зиянкестер мен шегірткеге қарсы жүргізілетін күрес мәселесі дегендей. Ауылшаруашылығын субсидиялау мен жоспардың орындалуы төңірегіндегі сұрақтар да қаралды.

Жалпы, биыл өңірде ауыл шаруашылығын субсидиялауға 32,1 миллиард теңге бөлінген. Оның 8,9 миллиарды өсімдікке, 6,7 миллиарды мал шаруашылығына, 16,5 миллиард теңгесі өзге ауылшаруашылық салаларына арналған.

Ал, арамшөптерге қарсы күрес бағытында гербицидтерге 4,9 миллиард теңге көлемінде субсидия бөлінсе, минералды тыңайтқыштарға 2,5 миллиард, тұқым жаңалау үшін 1,3 миллиард қарастырылған.

Тағы бір айта кетер нәрсе – биылғы көктемгі егіс жұмыстары кезінде жанар-жағар май мәселесі туындаған жоқ. Республика бойынша солай деуге болады. Өйткені, бұл тараптағы субсидия көлемі де жылдағыдан артқан. Қостанай өңірінде биылғы көктемде 71 мың тонна дизель отыны жеткізіліп, оны қаржыландыруға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 13,9 миллиард теңге бөліпті.  

Жерді тыңайтып отырудың тиімді бір жолы әртараптандыру болып саналады. Бұл бағыт бойынша биыл былтырғыдан Ілгерілеу бар. Айталық, биыл 530,8 мың гектарға майлы дақыл егілген. Бұл былтырғыдан 101,3 мың гектарға артық. Мал азығына арналған дақылдарға 221,6 мың гектар бөлінсе, картопқа 4,1 мың, көкөніске 900 гектар жер белгіленген.

Осындай егіс алқабында қазір тіршілік қызып жатыр. Арамшөптерден, түрлі зиянкестерден тазарту жұмыстары жоспарға сай атқарылып келеді. Ендігі мәселе күзгі ораққа дайындық деңгейі. Қазір аймақ күзгі жиын-терінге 90 пайыз дайын. Бұл көрсеткіш жаздың соңына дейін күткен межеге еркін жетеді деп отыр шаруалар. Астық жинаушы техникалар мен қабылдаушы орындардың техникалық базасы да, материалдық көрсеткіші де күзде ешқандай кедергі жасамайды деп күтілуде. Сонымен қатар, күзгі егістікке 75 мың тонна жанар-жағар май жеткізіліп, шаруаларға жеңілдетілген бағамен берілмек.

Облыс әкімі келесі жылы 600 мың тонна бидай мен 150 мың тонна майлы дақыл тұқымын тереңдетіп қайта өңдейтін «Биогрейн» инвестициялық жобасы жүзеге асатынын айтады.

- Осыған орай майлы дақыл егістік көлемін 700 мың гектерға жеткізуіміз керек. Республикамызда «Солтүстік соясы» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда. Сол себепті, теріскейдегі аудан әкімдеріне 2020 жылдың көктемгі егістігіне соя тұқымын алуды тапсырамын, — дейді Архимед Мұхамбетов

Соя егудің және егіс алқабын әртараптандырудың басты ерекшелігі – жер құнарының артатыны. Мәселен, майлы дақыл егілген алқапқа келер жылы бидай ексеңіз өнім көлемі арта түседі. 2010 жылдан бері соя егумен айналысып келе жатқан Трояна серіктестігінің жетекшісі Ю.Малышко соя егу туралы тәжірибесімен бөлісті:

- Бұл өзі өте қызық шаруашылық. Бастысы, бұл өсімдік азот пен ылғалсүйгіш келеді. Соя еккен соң, келер жылы сол алқапқа бидай ексеңіз, әр гектарынан кем дегендще 30 центнер өнім аласыз. Ал сояның өзі баға жағынан өте тиімді. Сол себепті, өсімдіктің осы түрін өсіруді қолға алуға шақырамын, — деді ол.

Бұл күннің тағы бір ерекшелігі – ауылшаруашылығы техникаларының көрмесі болды деуге болады. Көрмеге қойылған трактор, комбайндардан тартып түрлі тіркемелер, жер жыртқыштар, бүріккіштер, т.б техникалар мен құрал-жабдықтардың дені осы өңірде құрастырылған. Сонымен қатар шетелдік инвесторлармен әріптестікте құрастырылып жатқан қуаты мол тракторлардың артықшылығы, цифрландырырылуы жайлы түрлі мәліметтер айтылды. Әрине, бұл көрменің әр жыл сайын техникалық-материалдық базаны жаңартып отыруды талап ететін егін шаруашылығы өкілдері үшін маңызы зор болғаны түсінікті.

Диқандар қазіргі жағдайға сүйене отырып, биылғы өнімділік көлемі жақсы болады деп отыр. Әзірге бәрі ойдағыдай, көленең қырсық килікпесе кем дегенде орташа көрсеткішке еркін жетеміз дейді олар.

Фото: kostanaytany.kz


Мақала авторы:

Калибаев Нурсултан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Диқандар неге ашулы?

Сайт Әкімшілігі

Диқандар неге ашулы?

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

Сайт Әкімшілігі

«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

Сайт Әкімшілігі

«Жасыл экономика» табиғатымызды жандандыра ала ма?

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

Сайт Әкімшілігі

3 тамыздан кейін де рұқсат етілмейтін шаралар

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңге: қолдау ма, қорлау ма?

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

Сайт Әкімшілігі

Қой қымбат. Халық не қылмақ?

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Сайт Әкімшілігі

"Алматы-Өскемен" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар тоқтайтын болды

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Сайт Әкімшілігі

Педофилді ұстаған полиция қызметкері «Айбын» орденімен марапатталды

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Сайт Әкімшілігі

Үкімет керең бе, әлде сараң ба?

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Сайт Әкімшілігі

Жыпылықтаған интернет Жұмағалиевті жалп еткізді

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қазақстанда коронавирустан 610 адам қайтыс болды

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Сайт Әкімшілігі

Қазақстандықтар зейнеткерлікке ерте шыға ала ма?

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Сайт Әкімшілігі

Халықтың қалауын құлаққа ілер кімің бар?!

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Сайт Әкімшілігі

Өзбектерден үйренетін нәрсе аз емес

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Сайт Әкімшілігі

Бурабайға блок-бекет орнату ұсынылды

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Сайт Әкімшілігі

Президент кеңесшісі: Шамамен 2 миллион қазақстандық коронавируспен ауырған

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

Сайт Әкімшілігі

Қаймана қазақ қанатын қомдап, қамға көшті

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені студенттер ала ма?

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды