Біздің билік Совет Одағын сақтап қалу үшін күрескен

Қанағат Жүкешев - 30.07.20194545

Мына бір сөз соққанның көсемге айналып

кету метаморфозасын түсінбедім.

Ф. Достоевский

ХХІ ғасырдағы қазақ зиялылары мен шенеуніктері француз ақсүйектерінің сонау XVIII ғасырда бетке ұстаған бір маңызды қағидасын ескермеді. Ол қағида мынау болатын: «тек француз халқы мен Франция болғанда ғана ұлт ақсүйектері өздерінің мәртебесін сақтап қала алады». Осыған байланысты Бас штаттарда (француз парламенті) орын халық арасынан шыққан депутаттарға берілді. Король және зиялылар қарапайым француздардың мүдделерін үнемі ескеріп отырды. Осылай Франция әлеуметтік еркіндік идеяларының орталығына айналды. Франция – әлеуметтік революция жасаған (1870) бірінші ел. АҚШ-мен қатар француздар азаматтық қоғам құру үлгісін де бірінші болып көрсетті. Француздар «Адам және азаматтар құқықтары туралы декларация» қабылдады. Бұл кейіннен 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпылама декларациясына» негіз болған үш құжаттың бірі болды. 

Алғашында Қазақстан да Негізгі заңының мазмұнын француз конституциясының үлгісімен құрған болатын. Әрине, қазір ол мәтіннің тамтығы ғана қалды. Оның өзі нағызында емес. Жергілікті билік органдары Конституцияға қарсы заңдар шығарып алған.

Шексіз билікке қол жеткізген, жексұрын Гитлер мен Сталиннің өздері алдымен өзі басқарып отырған елдің қамын ойлады. Билік құрған жылдары  өздері басқарып отырған елдің экономикасын аяғынан тік тұрғызды, қорғаныс қуатын мейілінше жоғары деңгейге жеткізді. Қарапайым қисын бойынша, олар елі қаншалықты қуатты болса, өздерінің де даңқы арта беретінін білді. Әйгілі латынамерикалық диктатор А. Пиночет те елінің экономикасын көтеріп кетті. Бұл құбылысты сарапшылар «Чили ғажабы» деп атағаны белгілі.

Ал біздің мырқымбаевтар мен шоқпытовтар тек қазақ мемлекеті мен халқы болғанда ғана өздерінің статус-кво жағдайын сақтап қалатынын сезбеді. Ондайға қазақ шенеуніктерінің әлеуметтің түбінен шыққандығы, тексіздігі жібермеді. Отан-ана – Жерді сатуға құлшынды, бар материалдық игілікке қырғидай тиді, бәрінен бұрын, биліктен айырылмау үшін туған халқын кедейлік пен сауатсыздықта ұстау әрекетін жасады. Олар тегі құлдан шыққандықтан, еркіндіктің өзін құл иесі болумен теңесірген Спартак сияқты, өз халқын құлға айналдырып, солардың иесі болуды көздеді.

Қазақ әлеміндегі метаморфозаның ерекшелігі осыдан – биліктің өз елі мен жеріне өзі жау болып тиісіп, ұлттық мүдделерге қарсы әрекет жасауынан көрініс беруде.

Билік метаморфозасының ең айшықты көрінісі Кеңес Одағын сақтап қалу үшін шын ниетімен, оның соңғы деміне дейін күрескен, берілген коммунистің әп сәтте сөзсоқты демократқа, ал қазір ол тұрғысынан да айнып, бықсыған автократқа айналуы болып табылады.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: rusrand.ru

Мақала авторы:

Қанағат Жүкешев

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?