Байбек сынаған Әшімбаев Президент көмекшісі болды

Асмира Ермекқызы - 31.07.20193288

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған, оған дейін Парламентте депутат болып, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарған Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды. Бұл өсу ме, әлде құлдырау ма?

Тіпті, оған дейін Президент Әкімшілігі басшының орынбасары қызметін де атқарған Мәулен Әшімбаев осы уақытқа дейін ел билігіндегі маңызды деген қызметтерді атқарған еді. Енді сондай қызмет істеген азаматқа Президент көмекшісі болу лайық па?

Әлде бұған «Нұр Отанға» қайта барып, «партия ішінде тазарту жұмыстарын жүргізу керек» деп бара сала белсене жұмысқа кірісіп, Мәулен Сағатханұлы төраға орынбасары боп тұрған уақыттағы жұмысын сынаған Бауыржан Байбектің әсері болды ма екен? Кім біледі?... Әйтеуір саяси алаңның ойыны қызып келе жатқандай...

 


Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар