Анық Абай: "Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған..." 7 бөлім

Қасым Аманжол - 01.08.20191556

Абайдың 175 жылдығы қарсаңында әлеуметтік желілерде хәкім шығармашылығына қатысты бірнеше бағытта эстафета жүріп жатыр. Соның бірі - Абайдың бір өлеңін талдау. 

Абайтану саласында атқарылған шаруалар, жазылған дүниелер, түсірілген бағдарламалар мен фильмдер аз емес. Бірақ, соның бәрі хәкімді түгел танытып берді деп айта алмайсыз. Шығармашылық өкілдері арасында "Абайды әркім өз деңгейінде таниды" деген сөз де жиі айтылады. Мұның бәрі ұлы ақынды тануға деген құштарлықтың қай деңгейде екенін көрсетсе керек.

Абай туралы зерттеулердің ішінде ерекше бөліп атауға болатын туынды кезінде "Қазақстан" арнасы түсірген "Анық Абай" деректі сериалы. 

Фильм авторы Қасым АМАНЖОЛ сол фильмнің бір сериясын жоғарыда аталған эстафета аясында өзінің YouTube арнасында жариялады. Жас Алаш сайты автор әлеуметтік желі арқылы ұсынған "Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған..." деп аталатын бөлімін өз оқырмандарына ұсынады.

Видео автордың рұқсатымен жарияланды


Мақала авторы:

Қасым Аманжол

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.