Экс-президент ел басы жұмысын ретті, әрі бір ырғақты деп бағалады

Қанат Тілеухан - 02.08.20191338

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің атындағы қордың атқарушы директоры Әсет Исекешевті қабылдады. Атқарушы директор Назарбаевқа «Ел үміті» және «Қамқорлық» атты екі жобаны таныстырып, қордың ортақ жұмыстарын талқылады. Сонымен қатар, бұрынғы президент Тоқаев пен Үкіметтің, Парламенттің жұмысына баға бере кетті.

«Мен өз өкілеттілігімді тоқтатқалы бері бірнеше ай өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Үкімет және Парламент бірге ретті, әрі бір ырғақпен жұмыс істеп жатыр. Қазір біз саясат пен экономикадағы жалпы сұрақтардың жауабын табу үшін жұмыс істеп жатырмыз», – деді Назарбаев.

Экс-президенттің бағасы жаңа ел басына қалай әсер етті екен?

Мақала авторы:

Қанат Тілеухан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Ұқсас жаңалықтар