Ақтөбеде мемлекеттік қызметкерлердің орны бос

Жанар Қожанова - 02.08.20191382

Ақтөбеде мемлекеттік қызметке үміткерлер конкурстан өте алмай жатыр.Облыста мемлекеттік органдарда бос орындар көбейіп кетті.

Конкурстарға қатысуға ниет білдірген үміткерлердің тек 36%-ы немесе оннан төртеуі ғана тестілеуден өтіп, арнайы  сертификатқа ие болған.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті мамандарының айтуынша, бұл кезең үміткерлердің ҚР заңнамаларын білу деңгейін анықтауға, жеке қасиеттерін бағалауға және оларды іріктеуге мүмкіндік беріп, тиімді мемлекеттік аппаратты құруда маңызды рөл атқарады.

Яғни, мемлекеттік қызметке кіру үшін заңнамаларды білу және құзыреттерді бағалау бойынша тестілеудің екі түрін қамтитын белгілі бір кезеңдерден өту керек.

«Алайда, талдау нәтижесі көрсеткендей, конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің аздығынан, тестілеуден оң нәтижеге ие болған адамдардың аз болуына байланысты мемлекеттік органдарда бос орындар толмай жатыр», - дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент басшысы Расул МЕДЕТОВ.

Сонымен қатар, департаментпен тестілеуді тапсыру бойынша ізденушілерге нақты ұсыныстар қалыптастыру мақсатында сауалнама жүргізілді.

Сауалнамаға қатысушылардың 95%-ы тек мұқият дайындалу арқасында тестілеудің оң нәтижесіне ие болғандығын атап өтті.

Ал, тестілеудің теріс нәтижелері дайындыққа аз уақыт бөліп, интернет жүйесі арқылы түрлі қосымшалармен дайындалғандар үлесінде болып шықты.

Фото: tass.ru


Мақала авторы:

Жанар Қожанова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.