Рушылдық – биліктің кадр іріктеудегі басты ұстанымы

Қанағат Жүкешев - 02.08.20193987

Бұл жерде сөз алдымен әлеуметтік-психология ғылымы туралы болайын деп отыр. Шығармашылық қызметтің осы саласының қағидаларына сүйене отырып, қазақтың санасын иектеген келеңсіз мінездердің пайда болу және орнығу тетіктерін объективті түсіндіріп беруге болады.

Әлеуметтік-психология – әлеуметтік сананы, тиісінше, әлеуметтік үдерістерді басқару ғылымы, саясаттың пәрменді құралы. Сондықтан бұл саланың мамандары оны XXI ғасырдың ғылымы деп атайды.

Қазақ билігіндегілер мұны жақсы меңгеріп алған. Олар ресейлік әлеуметтік-психология мамандарының ақылына сүйене отырып, әрекет етеді. Қазір ессіз тобырды құрықтының алдындағы үйірше жөңкілтеді. Ал саяси оппозиция «бұл қалай болып кетті» деп, таңданумен келеді.

Удың уытын у қайтарады. Әлеуметтік-психология теорияларына сүйене отырып жасалған бұқаралық апатияның алдын алу үшін де сол ғылымның қағидаларымен әрекет етуді білетін мамандардың қолы керек. Бұқаралық сипат алған келеңсіз мінездердің пайда болып, орын алу құбылысы әлеуметтік психологияның тармақтары – ұлттық психология және менталитет туралы теориялар тұрғысынан талдай қарастыруды қажет етеді. Олай болса, жоғарыда келтірілген мінездердің шығу тегі мен әрекет ету механизмдері былай болып шығады.

Ғылыми анықтама:

Ұлттық психология орнықты факторларға тәуелді, ұзақ сақталатын құбылыс. Оның қалыптасуына халықтың жайғасқан аумағы, оның табиғи және климаттық жағдайлары, дәстүрлі шаруашылық жүргізу формасы, халықтың басынан кешірген тарихы, тілі, мәдениеті, бұларға қоса, өмір бейнесі, дәстүрлері мен ғұрыптары себеп болады. Ал менталитет орнықты емес, тарихи  үдерістің бағытына қарай өзгеріп отыратын жағдайларда қалыптасады. Оларға билік құрып отырған режімнің сипаты, оның жүргізіп отырған ішкі саясаты, ағымдағы кезеңнің шаруашылық уклады, әлеуметтік сілкіністер мен апаттар, идеологиялық шаралар ... жатады. Соған қарай, ұлттық психологияны өзгерту қиын және ол ұзаққа созылады, ал менталитетті идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық және рухани шаралармен, салыстырмалы қысқа мерзімде өзгертуге болады (Жукешев К. Менталитет и национальная психология // Мысль, 2006, № 6. С. 17-21).

Аталған ғылыми қағидаларға сүйене барлағанда қазақтың санасын меңдеген жағымсыз құбылыстардың кейбіреулерінің сыры былай ашылады:

Рушылдық – ұлтқа дейінгі қауымдастыққа тән құбылыс. Қазақ билігін ұстап отырған адамдардың қылықтары осы тұрғыдан саралағанда, интеллект және мәдениет деңгейінің төмендігінен, индустриялы қоғамда өмір сүріп жатқанын аңғармауының салдарынан, олардың рулар қауымдастығы шеңберінде әрекет етіп жатқанын айғақтайды. Рушылдық – Қазақстан билігінің кадр іріктеуде ескеретін басты ұстанымы. Қазақ билігінің жоғарғы эшелонында елдің қамын ойлайтын, мемлекетшіл адамдар емес, рушыл адамдар отыр. Олар өздерінің индустриялы даму басқышындағы азаматтық қоғамда өмір сүріп жатқандарын аңғармайды, рулық-отбасылық тар шеңберден шыға алмайды.

Өзге кесірлі мінездерге төмендегідей сипаттама беруге болады:

Арызқойлық, сатылғыштық, күншілдік, жалтақойлық, жағымпаздықотарға түскен елдің метрополияға тәуелділігінің салдарлары. Мұндай мінездердің пайда болуының әлеуметтік астары лауазымдық қызметтерді өзгеден сұрап алуға мәжбүрлікте жатыр. Метрополия өкілі автохтонды ұлттың арасынан шыққан интеллектілі, тегеурінді, отаншыл адамдарды ығыстырып, олардың орнына не айтса да орындай беретін, жалтақой, жағымпаз адамдарды іріктеп алу үшін аталған амалдарды қолданып келгені белгілі. Қазақтың санасында бұлар мығым орын алғаны сондай, әлі қалмай келе жатыр. Оның үстіне қазіргі билікке де аталған тәсілдермен, осындай адамдарды төңірегіне жинап алу керек болып тұрғаны және бар.

Парақорлық, суайттық, мақтаншақтық, дарақылық – адамдардың әлеуметтік тегімен түсіндірілетін құбылыс. Кедей таптардан шыққан, адамгершілік ұсқыны қораш адамдар байлық пен билікке қол жеткізгенде осындай мінездер көрсетеді. Қазақта «кедейден шыққан бай жаман» деген сөз бар. Кеңес кезінде лауазым алуға қолы жеткен мырқымбайлар мен шоқпыттар, соңғы онжылдықтарда олардың ұрпақтары осындай үлгілерді бастап, біртіндеп халыққа жұқтырып келеді. Қатардағы қазақ парақор да, суайт та, мақтаншақ та, даңғой да болған емес.

Жоғары лауазымды шенеуніктердің отбасылық шараларын – туған күн, шілдехана, баланы сүндетке отырғызу, үйлену тойларын жасағанда ең қымбат мейрамханаларда, шетелден әйгілі артистер шақырып, оларға миллиондап гонорар төлеп өткізіп жүргендері белгілі. Кейбіреулері мұндай шараларды шетелге барып та жасайды. Әйелі бала тапқанда тікұшақпен аспаннан ақша жаудырғандар туралы да хабар таралған болатын. Ал «сынықтан басқаның бәрі жұғады» демекші, ондайды іліп алып, бәсекеге айналдырып жүргендер – биліктен пана тапқан орта тап өкілдері.

Әдеуметтік психология теорияларына сүйене отырып талдағанда, бұқаралық санадағы кейбір айшықты сызықтар осылар. Келтірілген ғылыми қағидаларға сүйене отырып, менталитеттегі осы және бұлардан өзге қылаңдарды тереңірек зерттей отырып, сырларын ашып, бұқаралық сананы жөніне қарай сілтеуге болады.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: abai.kz

Мақала авторы:

Қанағат Жүкешев

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Bori Tenri 03 Тамыз, 2019

Барлығы ұйқаспай жатыр басынан аяғына дейін, рушылдық, жершілдік, бөлінушілік қазіргі заианда ешқандай маңызы қалмады. Ол барлығы қиял ғана. Себебі Ру немесе ата бабасы жеті атадан асқан қауымның адамдары сізді дұрыс түсінсем немес Рулық шеңберден асып Тайпалық жақындық, немесе Тайпалық шеңберден асса Елдік жақындық. Сіз осы шеңбердегі азаматтар бір біріне лауазымдық шендерді алып беруге, одан кейін олармен ымы жымыся бір болып мемлекеттік қаржыны жымқыруды мысал ретінде келтірген шығарсыз. Қазақтар бір бірімен құда жегжаттық қарым қатынастарға соншалықтя берілген, барлығы туысқан болып шығсды. Оның қайсысын алсаңызда жер бетіндегі 500 млн, қажақтың барлығы туысқан болып шығады. Сонда Қытайдың жартысы, Өзбекістанның жартысы, Ресейдің жартысы, Қазақ болып шығады, Бірақ қаны бір де, тілі өзге, құжаттары өзге, Ноғай, Найман, Қоңырат деп жер бетінде бөлек ұлт болып жүр. Брақ олар келіп Найманға мен Ұблтым Найман, немесе Қоңыратқа менің ұлтым Қоңырат деп келсе оған қол ұшын созып, іскерлігі емес, қан жақындығын ескереді дейсіз ғой. Ал ертең судың ба сұрауы бар, қаржыны жымқырғасын, өз туысқанын өзі абақтыға жабама сонда. БҰЛ ӨТІРІК. Қайда жемқорға сырттан ұйырдыма, Өзбектіме, Орыстыма, Қытайдяма отырғызып, Қазақтың мол байлығын бөлісіп, жымқырып, ертең бір жағдай туса соған жаба салған ыңғайлы емеспе. Совет уақытянда, олай істелдіде. Талай қазақтың жігіттерін, қсматып, бөтен ұлттар қаймақты сылып отырды, АДАСПАҢЫЗДАР, Қазақты Қазақ жемқор бол деп тарта алмайды. Тартса анық Аруақты мойындамайтын, Көк Тәңірді пысқырмайтын Шибөрі болуы мүмкін. Рас 90 жылдар жабайы жемқорляқ дәуірі болды. Оған ешкімнің дауы жоқ. Ол болмауя мүмкін емес еді. Тай тай басқан Қазақ Ұлтя уақытша тұсауы кесілмегесін еркелікке бой ұрды, ол жалпы халықтяқ сипат алды. Ал қазір тұсауя кесіліп, аяғын нық басқанда, сүрінсе ешкім арқасын сүймейтінін білді. Сондықтан ол уақытша құбылыс. Оған болса пессимист. Болвдың қажеті жоқ. Барлығы тек, еру мен бақылаудсн өткесун, жазадан ешкім құтылс алмайды. Өйткені жемқорды өз юерлестері немесе руластары талап юеп қояды. Айды етегімен жасыра алмайды. Оны көптеген Әкімдер мен Министрлер түсінген болу керек. Түсінбесе өз обалы өзіне. Қайта құрылған Ұлттық сенім Кеңесі осы Ру мен Тайпалардсн суярылып шыққсн Абыздардан құралу керек. Сонда ғана жемқорлық пен коррупция тоқтайды. Ол Кеңесті қорқыту, пәрелеу, алдау мүмкін емес. Арқасындс Аруақтар мен Көк Тәңір Ілімі Лсулсп тұр, ол аз. Болса жер бетіндегі 500 млн Қазақ бақылап, шара қолдануға дсйын отыр. Қазпқтың саны өте кемітіліп көрсетіледі. Сондықтан шетелдегу қаны мен жаны Қазқтардың саны өте көп.

Жауап беру