Депутаттар: Барлыбек Сырттанов атына мектеп беруді қолдаймыз

Асмира Ермекқызы - 02.08.2019561

Енді, Талдықорғандағы мектепке қазақ елінің алғашқы конституциясын жазған, қоғам қайраткерінің есімі берілуі мүмкін. Талдықорған қаласындағы № 25 орта мектебіне Барлыбек СЫРТТАНОВТЫҢ есімін беру туралы ұсынысты үкімет жанындағы ономастика комиссиясының қарауына жіберу туралы шешім қабылданған. Алматы облысының әкімдігінде өткен мәслихаттың кезекті 51-ші сессиясында ортаға салынған осы ұсынысты депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс беріпті. 
Барлыбек Сырттанов - Қоғам қайраткері. 1866 жылы бұрынғы Жетісу облысы, Қапал уезі, Арасан болысында дүниеге келген. Әкесі де  халыққа беделді болған. Оған арнап Жамбыл 1881 жылы «Сыртанға» атты өлең шығарған. Барлыбек Сырттанов 1886 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану факультетінде білім алған. Студент кезінен қоғам өміріне белсене араласқан. М.Сералин, Б.Қаратаев, А.Теміров, Б.Құлманов секілді қазақ жастарымен бірлесіп, «Жерлестер» атты үйірме құруға атсалысады.
Б.Сыртанов 1891-1894 жылдары Ташкент қаласында Түркістан генерал-губернаторының қазыналық палатасында қызмет етті.
1894 жылы 29 кыркүйекте Жетісу әскери губернаторының бұйрығымен облыстық басқарманың іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 
1903-1907 жылдары Б.Сыртанов Ресей мен Қытай шекарасының межесін тексеру ісіне атсалысты.
1910-1913 жылдар аралығында Б.Сыртанов өз тарапынан құпия түрде қазақ өлкесін Ресейдің отары қатарынан шығаруды көздеген Жарғы әзірледі. Бұл Жарғыда қазақ жері Ресей отары емес, доминионы (достастық құрамына енген мемлекет, мысалы, Австралия одағы, (Жаңа Зеландия) болу керектігі көрсетілді.

1914 жылы 26 қазанда ол ауыр науқастан қайтыс болды.

Фото: 7-su.kz

Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.