Жаңа әкіммен Қызылорда шенеуніктері тәртіпті бола бастапты

Әйгерім Жетпісова - 02.08.20193320

Қызылордалық мемлекеттік қызметшілердің тәртіп бұзушылықтары азайған. 

Қызылорда облысында тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 38 пайызға азайған.Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол БАЙХОЖАЕВ брифингте мәлімдеді. 

Биыл 6 айда облыс бойынша 342 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылса, өткен жылы осы кезеңде 486 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік қызметшілердің заңбұзушылық фактілері 38 пайызға төмендеген. 


«Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен және Әдеп жөніндегі уәкілдермен 332 іс-шара ұйымдастырдық. Шаралар барысында қызметтік қарым-қатынаста, жұмыстан тыс уақытта қандай мінез-құлық таныту қажеттігі, әлеуметтік желіні пайдалану, БАҚ-да сөз сөйлеу кезінде өзін қалай дұрыс ұстау керектігі туралы мәселелер қамтылған Әдеп кодексінің қойын кітапшалары таратылды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызметшілермен жасалған заңбұзушылықтардың санының азаюына әсер етуде», - деді Берікбол Байхожаев.

Фото: sputniknews.kz

Мақала авторы:

Әйгерім Жетпісова

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.