Қазақстанда доллар мен азық-түлік қатар қымбаттады

Асмира Ермекқызы - 05.08.20191700

2019 жылдың басынан бері Қазақстанда инфляция 2,8 пайызға жетті. Бұндай ақпаратты Ұлттық экономиканың статистика комитеті таратты. Яғни тұрмысқа қажетті тауарлар қымбаттады деген сөз.

Мәселен күріш 15%, ұн 15,4 %, қой еті 11,1%, балық 9,7 %, нан 9%, жеміс-жидек 8,9 %, жылқы еті 8,8 %, макарон өнімі 7,9 %, сиыр еті 7,4 %, құс еті мен шошқа еті 6,8 %, сыр 6,2 %, шұжықтар 4,4 %, шәй 4,3 %, шылым 10%, алкоголь 5,6 % өскен.

Санаторияларға демалу құны да өскендігі байқалады. Оның өсімі 9,9 % болса, медициналық қызмет 4,2 %, демалыс орындары мен экскурсиялардың жолдамалары 3,7 %, қоғамдық орындарда тамақтану орындары 3,5 %, шаштараз және басқа да  жеке қызмет түрлері 3,3 %, қонақ үйлер 2,2 % артқан.

Теңгенің жағдайы да мәз емес. Бүгінгі Kurs.kz мәліметінше қазір айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 387,1 мен 388,5 теңге арасында сатылып жатыр.

Фото: toluna.com


Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.