Алматы облысындағы туризм және вайнерлерге бөлінген 23 миллион

Ербол Ілияс - 06.08.20191256

Алматы облысы әкімдігі ішкі туризмді дамыту үшін вайнерлерге 23 млн теңге жұмсамақ. Арнайы блог-турға 12 вайнер қатысады. Бұндай ақпаратты informburo.kz сайты таратты.

Елдегі ішкі туризмді дамыту үшін былтыр 2018 жылы Туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы жарияланған еді. Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген құжатқа сәйкес ең преспективалы ТОП-10 бағыт жасалған. Соның ішіне Алматы мен ШҚО облысын алып жатқан Алакөл мен Жетісудағы тау кластері кірген. Алакөл, Алатау мен Аспантауға 3 млн аса турист тарту тартуды жоспар етеді. Әрине, үкіметтің мақсаты һәм жоспары қуантады. Мұнай ұңғыламай туристерді табиғатымен тамсандырып күнін көріп жатқан мемлекеттер жетерлік. Бірақ бізде бәрі басқаша...  

Алматы облысының 23 млн теңгесі қалтаға түсіру үшін вайнерлер Instagram и YouTube-гі каналдарына арнайы ролик түсірулері қажет. Және Көлсай, Қайыңды сынды көлдерге, Алтын-Емел, Шарын шатқалы т.б көз тартар жерлеге барулары тиіс.

Блогерлердің Instagram мен YouTube каналдарында миллиондаған оқырмандары болуы шарт. «Жас АЛАШ» оқырмандары арасынан Амандық БАТАЛОВ басқаратын облыстың 23 млн теңгесіне дәмелілер болса, жоғарыда сілтеме жасаған Информбюро сайтынан толық танысуларына болады. Рас жұрт қазір Instagram мен YouTube-те көп отырады. Содан болса керек, 2017 жылы атақты ВВС телерадиокорпарациясы Жетісудың табиғаты жайлы түсірген 2 минуттық роликпен Алматы облысы әкімдігі тоқтап қалмақ емес. Блогерлерді жұмылдырып отыр. Айтпақшы, ВВС-ге 2 минуттық ролик үшін қанша төледі екен?  

23 млн мен вайнерлер тақырыбы қазір Qaznet-те талқыланып жатыр. Facebook  қолданушылары арасында мұндай қаржыны турист келетін жердегі инфроқұрлымға жұмсаса дейді.

«Алматы обылысының туризмді тегiн насихаттап жүрмiз. Кɵктемде Оңтүстiк Кореядан он фотограф келдi. Қазiр туристің бəрi фотограф, фотографтың бəрi турист. Олар ренжiп кеттi, жолдарың жаман. Кɵлсайдан Тұзкɵлге 4 сағатта жеттiк деді. Егер солар мақтап кетсе, келесi жылы 100 турист келер едi», - деп жазды Сәрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.

Фото: zhasalash.kz


Мақала авторы:

Ербол Ілияс

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.