Алакөлдегі Жан серінің жыр кеші

Дерек көзі: www.azattyq.org - 24.09.2018428

Әнуар ӘЛІМЖАНОВ, Сәкен ИМАНАСОВ сынды алыптар түлеген топырақта тағы бір қаламгер оқырман көңіліне жол тапты. Нақтырақ айтқанда, жуырда Алакөлде ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, сазгер Жангелді НЕМЕРЕБАЕВТЫҢ шығармашылық кеші өтті. Аудандық Мәдениет үйінде өткен рухани шараға жиналған тыңдарманның да қатары мол болды.   Кештің шымылдығы ақының сөзіне жазылған Нұржан АХМЕТБЕКТІҢ әні «Камелиямен» түрілді. Осынау сыршыл әнді сазгердің өзі орындап, жиналған көпшіліктің кешке деген ықыласын оята түсті. Одан кейін І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері ақынның өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Бірі – ақынның махаббат тақырыбын арқау еткен өлеңдерін мөлдіретіп оқыса, енді бірісі оның туған жеріне арнаған туындыларын жатқа айтып, елді сүйінтті. Қызығы – ел аузында «Жансері» атанып кеткен ақынның рухани кеште тағы да бір қыры ашылды. Ол – оның сазгерлігі. Соның айқын көрінісі – шара аясында облыстық «Талдықорған әуендері» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің әншісі Жандос СМАҒҰЛОВ кеш иесінің «Ауылым» әнін орындады. Ақының әнге айналған әсерлі туындысын жиналған қауым өзгеше ыстық ықыласпен тыңдады. Осындай әсерлі сәттердің бір тұсында кеш иесі де сахна төріне шығып, қолдап-қолпаштап келген жерлестері – оқырмандарына алғысын жеткізді. – Биыл қасиетті Алакөл ауданының 90 жылдық мерейтойы. Оған қоса кезінде бізге ұстаз болған, қазақтың көрнекті ақыны Сәкен Иманасовтың туғанына 80 жыл толып отыр. Осы өңірдің тумасы болғандықтан үйде тыныш жата алмадым. Сіздермен қауышып, жырдан тарту жасамаққа алдарыңызға келдім. Әрқайсыңыз мен үшін бір төбесіздер. Сіздердің ақ баталарыңыздың арқасы шығар, осылай шалқып-тасып жүргенім. Дәйім, тек осындай мерекелерде жолығуға жазсын, – деген ол, ары қарай жыр тиегін ағытты. Сиясы кеппеген өлеңдерін халықпен бөлісті. Шара барысында Алакөл ауданы әкімінің орынбасары Алмас АБДИНОВ сөз алып, кеш иесіне халық атынан ризашылығын білдірді. -Жансерінің лирикалық өлеңдеріндегі оның елге деген, жерге деген риясыз пейілі жан сүйсіндіреді. Халқымызда «Жігітке жеті өнер де аз» деп жатады ғой. Бойынан осы жеті өнердің бәрі табылатын, жалпылай айтсақ, «сегіз қырлы, бір сырлы» Жангелді Немеребаев бүгінде біздің мақтанышымызға айналды. Бұл кештің мәні де, сәні де бөлек, – деген әкімдік өкілі кеш иесінің иығына шапан жауып, гүл шоқтарын тарту етті.  Шығармашылық кешке Талдықорғаннан арнайы келген сатирик Тұрлыхан КӘРІМХАННЫҢ айтуынша, ізденімпаз қаламгердің  шығармашылығы әлі де өсу үстінде. -Ол үнемі ізденісте жүреді. Соның дәлелі, ақынның мөлтіл сезімнің жиынтығындай көрінетін «Қар гүлдері» жинағы. Көлбайдай ауылдан шығып, осынша көп оқырманның көңіліне жол тапқан ол үшін қуанамыз. Оның асар асуы, алар биігінің әлі алда екеніне сенімдімін, - дейді.  Сенімдімін демекші, ол жайында бұрындары Жазушылар Одағының мүшесі Жомарт ИГІМАН: «Жыр қылмақ біреу бастан өткергенін, Жыр қылмақ біреу азды-көп көргенін», - деп дауылпаз ақын Сәкен Сейфуллин өрнектегендей ізденіс үстіндегі ақын ініміз ой – теңізден маржан сүзіп, дәстүрлі поэзия мұхит болса, сол мұхитқа құюға асыққан өлең-өзендердің өзіндік арнасын тереңдетуге талпыныс жасапты, – деп ақын шығармашылығына өз бағасын берген болатын. «Әдебиеттегі әуелгі ұстазым – кітап» деп санайтын Жангелді Немеребаевтің кешіне өмірдегі ұстаздары да келіп қатысты. Сондай-ақ, өнер саласындағы үзеңгілес дос-бауырлары да ақынның кешінде орта толтырып, оның шығармашылығына сәт-сапар тіледі. zhasalash.kz-ақпарат    

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

Сайт Әкімшілігі

Блок-бекеттегі полицейлер қаза болған әріптестерін еске алып, аза тұтты

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Сайт Әкімшілігі

«Қатаң карантиндік шараларға оралуға мәжбүр боламыз» – Бас санитар

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?