Өскеменнің әкімі президенттің тапсырмасын елемей отыр

Жанболат Сaнияз - 07.08.20194016

Шығысқазақстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасын Өскемен қаласының әкімі Жақсылық ОМАР  елемейді деп наразы. Ауыз суға байланысты арыз-шағымын әкімдік арқылы жеткізе алмаған жұрт, амалсыз әлеуметтік желі арқылы жазып, айтпақ болған. Бірақ, бір ай уақыт өтсе де ешбір жауап ала алмаған. Ашынған ел облыс басшысы Даниал АХМЕТОВТІҢ жеке парақшасына да жазыпты. Алайда, одан да қайыр болмаған.

Даниар Жанғұдинов қала әкімінің жауабын күткеніме міне тура бір ай болды дейді. Жылда жаз келсе болды суық судан тарығып, тіршілік нәріне жарымаған соң, жергілікті биліктен көмек күткен. Талай мәрте қала әкімінің қабылдауына да жазылмақ болыпты. Тіпті телефон арқылы да тілдесудің өзі мұң болған соң, мәселесін президент берген пәрмен, әлеуметтік желі арқылы жеткізуді жөн санаған. Бірақ, одан нәтиже түгілі жарытымды жауап болмады дейді.



"Мен 10- шілдеден бастап Жақсылық Омардың атына 14 рет жаздым. Даниал  Кенжетайұлының атына 14 рет жаздым. Жауап болмады. Әкімшілікке хабарластым. Ешбір телефондарын алмайды. Әкімнің сайтында көрсетілген телефон номерлеріне хабарластым. Онда да ешкім тұтқаны көтермейді",– дейдіӨскемен қаласының тұрғыны Данияр ЖАНҒҰДИНОВ.

Бұл сөзді ауыз судан тарыққан Нұрлы көш ауылының өзге тұрғындары да растап отыр. Барсақ, қала әкімінің орынбасарын ғана көреміз. Өзіне жолығудың жөні бір болмады деп, сусыз отырған ел өкпелі. Ал орынбасарына айтқан өтініштері еш орындалмапты. Сондықтан, өзге емес, мейірлері қанғанша ішетін тіршілік нәрін тауып берсе дейді.

"Неге су жетпейді? Мына Ертістің жағасында отырып, ұят қой. Қайтып шыдап отырамыз? Ана балаларымызды да жуындыра алмай отырмыз. Тіпті бау-бақша еге алмай отырғанымызды айтпағанда" – дейді Өскемен қаласының тұрғыны Нұрбати САТАНҚЫЗЫ.



Бір қызығы әр үйдегі есептегіш құралы келмеген суды келгендей қылып көрсетіп береді екен. Ол үшін тұрғындар теңгесін тиынына дейін қосып төлеп отыр. Құралдың жайын құзырлы мекемеге айтса, ондағылар да құлақ аспапты. 

"Олар суды мен іштім ба? – дейді. Дұрыс жауап бермейді. Қалай қыларымызды білмедік те, сонымен амалсыз төлеп отырмыз. Күндіз су жоқ болып қалады" – деді Өскемен қаласының тұрғыны Дәулет ИСА.



қала басшылығы хабардармыз. Жауап берілген деген Өскемен қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Әлібек ТҰРСЫНБЕТОВ: – Жақсылық Мұқашұлы әлеуметтік желіде өзі отырады. Кейде ақпарат көп келеді. Бірақ ол кісі жаңа өзі көрсетті. Жауап беріпті. Халықтың су мәселесі шешіледі. Су болады.



Жалпы Нұрлы көш аталатын бұл ауылда 8 жүздей баспана бар. Сусыраған отбасылар аулаларына бау-бақшаны да осы жағдайға байланысты еге алмай отырғандарын айтты.


Фото: qazradiofm.kz

Мақала авторы:

Жанболат Сaнияз

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.