"ASAR" III форумы өтеді

Асмира Ермекқызы - 08.08.2019797

Үкіметті емес ұйымдар-бизнес-мемлекет серіктестігінің «ASAR» IIІ Республикалық форумы биыл Павлодар қаласында өтеді.
Форум 21-22 тамызға жоспарланған. Форум шеңберінде «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы» тақырыбында пленарлық отырыс өткізіледі. Сонымен қатар, шеберлік сабақтары, case-study семинарларын, workshop-тар (практикумдер), «#7 Спикер» интеллектуалы конференциясын ұйымдастыру және меморандумға қол қою жоспарланған. Сонымен бірге, алғаш рет «ASAR activity» жобасын ұйымдастыру жоспарлануда, оның шеңберінде форум қатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылатын болады.
 Сондай-ақ, платформада ҮЕҰ әлеуметтік жобаларының конкурсы өткізілді. 144 өтінімнің ішінен ҮЕҰ-ның 100 жобасы үздік деп танылды. Форум барысында аталған жобалардың таныстырылымын өткізу жоспарлануда. Әрбір тілек білдіруші форум жұмысына онлайн-тіркеуден өтіп қатыса алады. 
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, форум жұмысы 4 бағытта: SOCIAL – ASAR «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», ЕCO – ASAR «Жасыл» серіктестің форматындағы әлем», IT – ASAR «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» және INCLUSIVE – ASAR «Инклюзивтік қоғам уақыты» өткізіледі.

Естеріңізге салайық, алғашқы «ASAR» форумы 2017 жылы Атырауда, екінші форум 2018 жылы Талдықорғанда өткізілген.

Фото: kazinform.kz


Мақала авторы:

Асмира Ермекқызы

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.