Мәдениет министрлігі Құрманғазының қай жылы туғанын біле ме?

Дерек көзі: www.azattyq.org - 02.10.2018366

Мәдениет және спорт министрлігі қазақтың ұлы күйшісі Құрманғазының 200 жылдығын тойлауды бастап кетті. Алайда күйшілер биыл Құрманғазының туғаны 195 жыл болды деп отыр.  «Менің осыдан жиырма жыл бұрын «Егемен Қазақстан» газетіне жазған «Құрманғазы және қоғам» деген мақалам «1823 жылы Жәңгір хан таққа отырды. Осы сәтте Қазақтың ұлы күйшісі Қүрманғазы дүниеге келді» деп басталатын. Менің бұлай жазуыма себеп болған, 1996 жылы Құрманғазы бейітінің басына ақ шаңқан кесене орнатылып, ашылу рәсімі салтанатына Қазақстан мемлекетінің президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен Ресей үкіметінің басшысы Виктор ЧЕРНОМЫРДИН қатысуы, әрі сол тарихи оқиғаның куәгері ретінде менің де сонда болуым еді. Сонда Президент Құрманғазы жайлы тебірене сөз сөйледі. Сонымен бірге, сол сәтте кесене маңдайшасында «Құрманғазының туған жылы 1823 жыл» деп жазулы тұрды. Бұны айтпағанда, ұлттық энциклепедияда да атақты күйшінің туған жылы кесенедегі цифрмен бірдей болып тұрған жоқ па?» –деді Жас Алаш тілшісіне белгілі күйші, музыкатанушы Жарқын ШӘКӘРІМ.  Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйек күні  «Жас Алаш» сайтында «Министр Құрманғазыны ойыншық қылып отыр» деген тақырыпта материал жарық көрген болатын. Әріптесіміз Алмас НҮСІППЕН сұхбаттасқан тағы бір күйші Шәміл ӘБІЛТАЙ  «Егер Құрманғазының тойы өтсе, президент те өтірікші болады» деген тұжырым жасаған болатын. Сондай-ақ тойға деген министрліктің  зор ықласына қатысты пікірінде айтқан еді. «... мына министрлік қасарысып биыл өткіземіз дейді. Себебін білеміз ғой… Бұл жерде бар мәселе ақшаға келіп тіреледі. Анау күні ғана премьер ескерту жасады ғой, 11 миллиард теңге игерілмеген деп. Бұл соны осылай игермекші. Ақшаны жолын тауып бөліп алу керек болып тұр ғой. Қалай өткізетінін де білмеймін, әйтеуір, Құрманғазы оркестрін жалдап алыпты...» деп күйінген-ді.  Құрманғазы оркестрі демекші, енді Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫНЫҢ арқасында Президент елге өтірікші болды. Нақтырақ айтқанда,  Бүгін Алматыда «Құрманғазы және Ұлы дала сазы» атты халықаралық фестиваль басталды. Айта кетейік, Мәдениет және спорт министрлігінің «білек сыбана» кіріскен шаралары 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығын қамтымақ. Соның ішінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған бұл шараға «ЮНЕСКО» штаб-пәтерінен, «Түріксой» ұйымынан, Ресей Федерациясынан арнайы өкілдер, жақын және алыс шет елдердің жетекші дәстүрлі орындаушылары, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан Республикаларының өнер ұжымдары  және еліміздің «академиялық» дәрежесі бар оркестрлері қатысады деп жоспарланыпты. Айтпақшы, күйшінің тойына қатысты Арыстанбек Мұхамедиұлы басқаратын министрліктің де өз айтары бар екен. «Министр Құрманғазыны ойыншық қылып отыр» атты мақаладан кейін ведомство баспасөз қызметінен хабарласып Жас Алаш бетінде жауап беретіндерін жеткізді. Алдағы уақытта өз оқырмандарымызға ұсынатын боламыз. Фото: wikipedia.org

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды