Йемендегі қақтығыста ондаған адам мерт болды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.08.2019349

Йеменнің оңтүстігіндегі портты Аден қаласында соң бірнеше күн бойы жалғасқан қақтығыс кезінде кем дегенде 40 адам қаза тауып, 260-қа тарта адам жараланған. Бұл туралы БҰҰ хабарлады. Associated Press агенттігі дереккөздеріне сілтеп, 70 адамның мерт болғанын жазды.

Адендегі қақтығыс қаланың басым бөлігін Оңтүстік өтпелі кеңес аталатын қарулы сепаратистер тобы басып алғанда, 8 тамыз күні басталған. Олар Йеменнің оңтүстік аудандарын ел аймағынан бөліп алғысы келеді.

Аден — халықаралық қауымдастық мойындаған Йемен үкіметінің уақытша резиденциясы. Ел астанасы Сана Иран қолдайтын қарулы хусит содырларының бақылауында. Сауд Арабиясы мен оның одақтастары қолдайтын үкімет әскері мен сепаратистер арасында соғыс бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Оңтүстік сепаратистері әуелде үкімет әскерін қолдаған.

Сауд күштері жексенбі күні сепартистердің Адендегі позицияларына шабуыл жасап, "басып алған жерлерінен кетпесе, бұдан ірі соққы жасайтынын" айтқан.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.