Ертісбаев енді елші емес

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ - 12.08.20192027

Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет ЕРТІСБАЕВ қызметінен кетті. Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайтының елордадағы тілшісі хабарлайды. 

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды», - деп хабарлады президенттің ресми сайты. 

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен бұл қызметке Асқар БЕЙСЕНБАЕВ тағайындалды.

Биыл қараша айында 63 жасқа толатын Ермұхамет ҚАБИДЕНҰЛЫ 13 жыл экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ көмекшісі болған. Мәдениет, ақпарат және спорт министрі болды. Сол кезде журналистердің сүйікті кейіпкеріне айналды. Журналистермен қарым-қатынасы нашар  ақпарат министрі болып есте қалды. Биыл зейнет жасына толған Ертісбаевтың әзірге қайда барғаны белгісіз. Бәлкім «шаршаған» болар. Демалатын шығар.

Фото: inbusiness.kz

Мақала авторы:

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.