"Қазақфильм" президентінің міндетін атқарушы тағайындалды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 12.08.2019387

12 тамызда «Қазақфильм» ресми сайтында Арман Әсеновтің киностудия президенті міндетін атқарушы болып тағайындалғанын хабарлады.

47 жастағы Әсеновтің мамандығы – экономист, 1998 жылы Мәскеуге режиссерлік курстан өткен. 2000 жылы Қазақстан қаржы министрлігі мемлекеттік қаржы институтын тәмамдаған.

«Қазақфильм» таратқан ақпаратқа қарағанда, Әсенов 90 жылдары актер және продюсер ретінде жиырмаға жуық фильмді түсіруге қатысқан. Мемлекеттік наградалардың иегері.

Өткен аптада «Қазақфильм» киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков қызметінен кеткен. Ол киностудияның 2015 жылдан бері басқарған.

30 жылдары құрылған «Қазақфильм» студиясы (1960 жылға дейін Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы деп аталды) елдегі кинолардың негізгі бөлігін түсіреді.

2019 жылы Қазақстанда кино туралы жаңа заң күшіне еніп, үкімет елдегі киноматография саласын бақылауға алды.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.