Құрбан айт: мал соя бергенше, тал ексе

Мұртаза Бұлұтай - 12.08.20193653

Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас деген ғой. Мисалға, елімізде бір құрбан айт кезінде бір миллион басқа жуық мал сойылады десек, сол миллион малдың орнына ағаш егілсе қалай болмақ, ойлашы?!? Бір қойды 100$ десек, 1 млн қой 100 млн$ болады, жыл сайын осы сомаға ағаш егілсе территориясының 97% шөлді шөлейтті, құмды даладан тұратын отанымыз жасыл желекке оранып, экологиямыз дұрысталып, болашақ ұрпақ алдындағы бір борышымыз өтелмес пе еді?! Ағаш егу мерекесіне басқа діндегілер де қуана-қуана қатысар еді ғой, сөйтіп 300 млн$ сомасына ағаш егіп, бүкіл әлемге үлгі болар едік қой! Бір жылда әрең өсіп енді көбейемін деп тұрған малды қынадай қыра бергенше, бір тіршілікті өмірге әкеліп, ағаш егіп, жанға жан қоссақ, асыл дініміздің мұратына сол лайықтырақ болмаушы ма еді бауырым?

Жазба автордың facebook.com әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

Фото: azattyq.org


Мақала авторы:

Мұртаза Бұлұтай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Байдалы Абдуалиев 12 Тамыз, 2019

Курбан шалу, ол парыз, тал ды соган косып отыргызсак арине улкен ис болар еди

Жауап беру