66 жастағы Әйтімова саясаттан кетті

Ербол Ілияс - 12.08.20196754

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ жарлығымен сенатор Бірғаным ӘЙТІМОВАНЫҢ өкілеттілігі тоқтады. Бұл туралы «Жас АЛАШ» тілшісі хабарлайды.

Ең алғаш 1996 жылы сенат депутаты болған Бірғаным Әйтімова саясаттан кеткенін мәлімдеді. Совет кезінде саяси карьерасын комсомолдан бастаған саясаткер премьер-министрдің орынбасары, білім және ғылым министрі, елші сынды жауапты қызметтерді атқарған. Достық, Парасат, Құрмет ордендерінің иегері. Енді 66 жастағы экс-сенатор бизнеспен айналысып көрмек екен.

«Өмірімде алғаш рет таңдау құқығым бар деп айтуға болады. Қазір мен қай бағытта қозғалатынымды айтуға дайын емеспін, бірақ бос отырмаймын. Қабілетім мен мүмкіндігіме байланысты нәрсемен айналысамын. Мемлекеттік, саяси, дипломатиялық қызметте тәжірибем бар. Өзімді жаңа бағытта сынап көргім келеді.Мен ешқашан бизнесте, сервистік, консалтингтік қызметтерде жұмыс істемедім. Қандай бағытта тоқтайтыным - әлі белгісіз. Жаһандық коммуникация мүмкіндіктерін пайдаланғым келеді», - деді Бірғаным Әйтімова.

Фото: gorodpavlodar.kz


Мақала авторы:

Ербол Ілияс

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.