Қызылордада республикалық қобызшылар байқауы басталды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 19.10.2018416

Қызылорда облысында тұңғыш рет  қобызшылар мен қобызбен сүймелдеп жыр айтатындар дүбірлі додада бақ сынамақ. «Қорқыт. Қобыз» тақырыбы аясында өтетін шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастыруда. Талантты жандардың басын қосқан байқаудың мақсаты мен шарттары туралы бүгін баспасөз брифингінде толығырақ айтылды. «Сыр елі - жыр елі» демекші, айтулы дода Қызылордада бекер ұйымдастырылып отырған жоқ. Атақты қобызшы Қорқыттың туған жеріне еліміздің өзге өңірлерінің ең мықты таланттары жиналды. Көпшілікке өз өнерлерін көрсетуге келгендердің дайындықтары да тиянақты. «Бұл байқаудың мақсаты өте зор деп ойлаймын. Өткен күннен қалған мұрамызды тек насихаттап қоймай, оны жандандыру жас қобызшыларға жүктеліп отырған парыз. Жарыс барысында өз өнерімізді көрсетіп, күй тыңдауға келгендердің көңілінен шығуға тырысамыз. Қорқыттың ұрпақтары өзге өңірлерден ат терлетіп келгендерден кем болмауымыз керек», - деді қобызшы Әділ Наурыз. Байқауда жалпы 17 талапкер бақ сынайды.17-55 жас аралығындағы қыл қобызшылар Қорқыт күйлерін насихаттаса, қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылар Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінен және Тоныкөк, Күлтегін, Оғызнама, Қорқыт дәуіріндегі көне жыр үлгілерінен үзінділер орындайды. Қазылар алқасының құрамы әр шығарманың орындаллу техникасына баға беріп отырады. «Бұл байқаудың мақсаты - ұлттық өнерді дамыту, қыл қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардың шығармашылығын насихаттау, оларға жан-жақты қолдау көрсету және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру болып табылады.  Қазіргі таңда Қорқыт ата мұрасын жаңғырту, ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау бағытында біршама ауқымды жұмыстар жасалынып жатқаны рас. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында тұңғыш рет  өткізіліп отырған «Қорқыт. Қобыз» байқауының тәрбиелік мәні зор», - деді атақты жырау Ұлжан Байбосынова. Баспасөз мәслихаты барысында Астана мен Алматыдан келген жастар күй орындап, журналистер қауымын ерекше көңіл-күйге бөледі. Фото: inform.kz

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды