Атырауда халықтық кітапхана ашылды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 09.10.2018561

Балаңыз кітап оқымай ма? Үйдегі кітапхана сөрелерін шаң басып тұр ма? Атырау тұрғындары бұдан былай жиған-терген рухани қазынасын Халықтық кітапханаға өткізе алады. Ол «Былина» этномәдени бірлестігінің жетекшісі Андрей КОРАБЛЕВТЫҢ басшылығымен ашылып отыр. -Біз букинистік кітап дүкені емеспіз. Ондай кітапханаларда ескі, құнды кітаптар сатып алынады және сатылады. Бізде ешқандай коммерциялық мақсат жоқ. Кітаптарды тегін аламыз, әрі келетін адамдар да тегін оқиды, — деп түсіндіреді. Халықтық кітапхана қазірдің өзінде көпшіліктің сұранысына сай ашылғанын көрсетіп отыр. Оған жиналып қалған бес мыңдай кітап әлі сұрыпталып жатыр. Үйіп-төгіп әкеліп жатқандар қаншама! Күткендей-ақ, кітап тапсырушылардың дені – егде жастағылар. Жылдап жиған кітапханасын «көзім кеткесін кім оқиды дейсің, одан да осы жерде қажетке жарасын» деп көлікпен тиеп әкелетіндер бар екен. Кітаптардың ішінде мұражай қорына лайықты, ерекше даналары да көп кездеседі. Мәселен, «Великие люди» сериясы 19 ғасырда жарыққа шыққан, жазушы Мұхтар ӘУЕЗОВТЫҢ «Абай жолы» деп аталмас бұрын «Абай» деген атпен шыққан санаулы кітабынының да бір данасы бар. ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ 1991 жылы шыққан ең алғашқы өмірбаян дерегімен де танысуға болады. Ал 1960 жылы шыққан «Исаак Ильич ЛЕВИТАН» деген жинақтағы суреттер баспадан шыққанмен, қолмен жабыстырылған! Соған қарағанда, бұл санаулы данамен шыққан нұсқасы болса керек. -Кезінде әке-шешеміздің жинаған үлкен кітапханасы болды. Кейін, ұят болса да айтайын, біразын отқа жағып жібергенбіз. Одан сау қалғанын інім қоқыс контейнеріне апарам деп отыр екен, осы кітапханаға тапсырдым. Үлкен кісілердің көзі еді, дұрыс қарай алмадық, дегенмен, қатты өкінемін, — дейді қала тұрғыны Нұргүл ҚАЛИЕВА. Ғаламтор ғасырында жастар кітап оқымайды десек те, кітапханаға келіп жатқан өскелең буын өкілдері аз емес. Соған қарап, кітаптың мәңгілікке қалатын құндылық екеніне сенгің келеді. Оның ішінде, бұл жерде интернеттен табылмайтын дүниелер көп. Халықтық кітапхананың тағы бір ұтып тұрғаны – Атыраудың орталық көшесінде орналасқан. Аймақтағы басты кітап ордасы – Ғабдол СЛАНОВ атындағы облыстық ғылыми-әмбабеп кітапхана шаһардың шетіндегі «Нұрсая» ықшамауданына көшірілгеннен кейін оқырмандар саны күрт азайған болатын. Фотолар автордікі.  

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды