Greenpeace: Ресейде 5 млн гектар орман өртенді

Дерек көзі: www.azattyq.org - 13.08.2019306

Greenpeace ұйымының Ресейдегі бөлімінің дерегінше, Сібір аймағында бес миллион гектер орман өртенген.

Ұйым «2019 жылы Ресейде өрт шарпыған орманның аумағы рекордтық көрсеткішке жетеді» деп болжайды.

Greenpeace есебінше, Ресей билігінің орман өртіне қатысты көрсеткен дерегі төмендетілген. Мәскеудің ресми дерегі бойынша, Сібірде үш миллион гектар орман өртенген. Greenpeace Ресей өртеніп жатқан орманның тек 9 пайызын сөндіріп жатыр деп есептейді.

Экологтар ормандағы өрттің түтіні «49 миллион көліктен шығатын газбен тең, бұл климаттың өзгеруіне әсер етеді. Миллиондаған жануар тіршілік ортасынан айырылады» деп алаңдайды.Олар Ресей билігін ормандағы өртті сөндіруге жеткілікті қаржы бөлуге шақырады.

Тамыздың басында Красноярск өлкесінің билігі ормандағы өртті сөндіру «экономикалық тұрғыда тиімсіз және зиян» деп мәлімдеген. Кейін өлке билігі Ресей президенті Владимир Путин мен аймақ губернаторы Александр Усске халықтың сенімін анықтау үшін жүргізілетін зерттеуге 10 миллион рубль (150 мың доллар) бөлетінін хабарлады.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.