«Ән барда – Әсет бар»

Дерек көзі: www.azattyq.org - 25.10.2018532

Алматыдағы Arna-b баспасынан «Жүрегі ән деп соғатын» атты кітап жарық көрді. Т.Ешенқұлов құрастырған бұл жинақ Қазақстанның халық әртісі, композитор Әсет Бейсеуовтің 80 жылдығына орай шығып отыр. Сазды әуенімен тыңдарман жүрегін тебіренткен Әсет әндері ұрпақтан-ұрпаққа жетері даусыз. Әсет – бір ғасырда бір туар Нұрғиса, Шәмші сияқты тума таланттар шоғырының заңды жалғасы. Бір сұхбатында «Қазіргі жас композиторлардың әндерінде жусанды даламның, қазақ атам өргізген төрт түлік малдың қиының, тоқашының иісі жоқ. Сондықтан да халық жүрегіне жетпейді» деп өзі айтпақшы, бүгінгі әнсымақтардан басты ерекшелігі – Әсет әндері ұлттық бояуы тұнып тұрған шынайы дүниелер болатын. Ол туралы қайталанбас дарын иесі Нұрғиса Тілендиевтің өзі кезінде: «Әсет Бейсеуов лирикалық әндерімен ел арасын еркін шарлап, әр адамның жүрегіне сазды әуеннің тұнық бұлағы болып құйылды. Әсет халқын өнердің тұнық бұлағымен сусындатса, халқы оны алақанына салып, өнер биігіне көтерді», – деп жоғары бағаласа, композитордың көптеген әндеріне сөз жазған Мұзафар Әлімбаевтың: «Әсет өнерге асқан жауапкершілікпен қарайтын. Күлдібадам нәрсені көпке ұсынудан қысылатын, ешкімге көрсетпейтін, сандығының түбінде сақтайтын», – дегені бар. Сондай-ақ: «Әсет аты ауызға алынса, әрине, алдымен әсем әндері ойға оралады, одан кейін еске түсетіні – оның әзіл-қалжыңға толы әңгімелері. Әсет анекдотшыл еді. Әсіресе кәрістердің орысша сөйлегенін айнытпай салып, анекдотты зулатқанда тыңдаушылар жерде домалап жататын», – дейді Мұзаға кітапқа енген естелігінде. Сол сияқты, жинаққа Т.Молдағалиев, К.Салықов, Ғ.Қаббасұлы, Ж.Аманұлы, Н.Нүсіпжанов, Ш.Құмарова, М.Ысқақбай, Ә.Асылбеков, С.Тұрғынбекұлы сияқты басқа да көптеген танымал тұлғалардың Әсет Бейсеуов жайлы ой-толғамдары топтастырылған. Осы орайдағы сөз атаулы: «Әсет өз дәуірінің ең дарынды, жастар жүрегіне ең жақын сазгері болды. …Сирек таланттың өнер жалыны суымайды, сөнбейді», – деген ойға тоғысады.  Аталған жинақтың алғы сөзін жазған өнер зерттеушісі П.Момынов айтпақшы, «Әсет барда – ән бар. Ән барда – Әсет бар. Ол мәңгі тірі». Кітаптың тұсаукесер кешін жүргізген Қали Сәрсенбай кітапты шығаруға қолдау білдірген азаматтар мен авторға алғыс айтты. – Оқырманға жол тартқан бұл кітап Алматы қаласы­ның әкімі Бауыржан Байбектің тікелей тапсырмасымен, Мәдениет басқармасының қолдауымен жарыққа шықты. Кітапты құрастырған, Әсет Бейсеуовпен бірге ғұмыр кешкен, жастық шағын бірге өткізген қазақтың қарымды қаламгері Тұрсынбек Ешенқұловқа алғыс айтамыз, - деді. Әдетте, кітап, жинақ десе тек әдебиетке қатысты айтылатындай көрінеді. Анығында, еліміздің рухани байлығына өз үлестерін қосқан осындай ұлы өнердің иелері жайлы қаншама естелік, қаншама сыр бар. Соның барлығы жинақталып, кітап күйінде келешекке жетуге тиіс. Жастарымыз үшін де елдің аузында жүрген талай әннің авторы туралы жинақты оқу қызық болатындығы сөзсіз. Бұған 2014 жылы қабылданған Мәдениет саласындағы саясатқа байланысты жаңа тұжырымдамада да басымдық берілген. "Баспа қызметі саласындағы саясат жаңа заманның үздік үлгілерін, тарихи мұраны, оқиғаларды және тарих пен мәдениеттің ұлы тұлғаларының бейнелерін, қазіргі заман кейіпкерлерін балалар әдебиетін, классиканы, әлемдік, ұлттық поэзия мен проза антологиясын қоса алғанда, әдебиеттің барлық жанрлары мен бағыттарында бейнелейтін әдебиетке бағдарланады", делінген онда. Демек, тұсаукесерге жиналған әріптестері айтқандай, Қазақ елі тұрғанда оның өнерін өсіріп кеткен ұлы тұлғалары да мәңгі жасайды. М.МЕРЕЙ 

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды