Головкин Қанат Исламды жеңген боксшымен кездеседі

Айман Сағатай - 14.08.20195133

Қазақ боксшысы Генадий ГОЛОВКИН мен украиналық боксшы Сергей ДЕРЕВЯНЧЕНКО IBF тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін рингке шығады.

vesti.kz сайтының жазуынша жекпе-жек 5 қазан күні Нью-Йорк қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. IBF белбеуі бұған дейін мексикалық Сауль АЛЬВАРЕСКЕ тиесілі еді. «Канело» Деревянченкомен жүргізген сәтсіз келіссөзден кейін ол атағынан айрылып қалды.

Генадий Головкин кәсәпқой рингте 41 рет өнер көрсетіп, соның біреуінде ғана жеңіліс тапқан. WBA IBF WBC IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы болған.

Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың жетістіктері көп емес. Әуесқой рингте әлем чемпионатының қола жүлдегері ғана атанды. 2014 жылы кәсіпқой боксқа өтті. Оған дейін жартылай кәсіпқой лигада өнер көрсетті. Milano Thunders, Astana Arlans, Ukraine Otomans командаларында өнер көрсетті.

Айтпақшы, Сергей Деревянченко 2012 жылы Milano Thunders пен Astana Arlans командаларының кездесуінде астаналық боксшылардың капитаны Қанат ИСЛАМЕН кездесіп жеңіп кеткен еді.

Фото: sportingnews.com

Мақала авторы:

Айман Сағатай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.