Ресей ғалымдарға шетелдік зерттеушілермен байланысуға шектеу қойды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 14.08.2019150

Ресей білім және ғылым министрлігі ресейлік ғалымдарға шетелдік зерттеушілермен байланысу ережесін қатаңдатып, бұйрық шығарды. Ведомство бұйрықты биыл шілдеден бастап институттарға тарата бастаған. Кейбір азаматтар мұны СССР кезінде ғалымдарға қойылған шектеуге ұқсатты.

Құжат көшірмесін «Троицкий вариант» газеті жариялады. Басылым мақаласында бұл құжаттың күшін жойып, мұндай бұйрық шығарғандарды жазалауды сұраған ғалымдардың ашық хаты бар.

Жаңа бұйрық бойынша, ғалымдарға мынадай шектеу бар:

  • Ресейлік ғылыми ұйымдар шетелдік зерттеушілер кездесу өтетіні туралы білім және ғылым министрлігіне бес күн бұрын ескертіп, қатысушылар тізімін жолдауы тиіс;
  • Кездесуден соң жиыннан есеп дайындап, қатысқан азаматтардың паспортының көшірмесін өткізуге міндетті;
  • Кездесу ресейлік ғылыми ұйымда өтіп жатса, жиынға кем дегенде Ресейдің екі зерттеушісі қатысуы керек;
  • Зерттеуші шетелдік ғалыммен жұмыс уақытынан тыс жүздеспек болса, алдымен басшысының рұқсатын алуы керек;
  • Ресейдің ғылыми ұйымына келген шетелдік зерттеуші «жазу не көшіру құралдарын» халықаралық келісімдерде көрсетілген жағдайларда ғана пайдала алады.

Ресей ғылым академиясының вице-президенті Алексей Хохлов бұл бұйрықтың Ресейді шетелдік зерттеушілер мен студенттерге тартымды елге айналдыруды көздейтін «Ғылым» және «Білім» бағдарламаларына қайшы екенін айтады.


Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.