Қазақ қызы АҚШ-та хоккей ойнайтын болды

Айман Сағатай - 17.08.20191482

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бұлбұл ҚАРТАНБАЕВА енді АҚШ-тың «Метрополитен Риветерс» клубында өнер көрсететін болды. Нью-Джерси штатындағы Монмут Джанкешен қаласындағы бұл клуб 2015 жылы алғаш өзінің ресми ойынын өткізген.

Бұлбұл Қартанбаева АҚШ-ғы NWHL лигасындағы тұңғыш қазақ спортшысы. Бұл лига 2015 жылы құрылған.

«Менің арманым орындалды. Осындай мүмкіндіктің туғанына ризамын.Әлемдегі топ-ойыншылар бәсекеге түсетін NWHL лигасында ойнайтын уақыт келді», - деді Бұлбұл Қартанбаева NWHL лигасының ресми сайтына берген сұхбатында.

26 жастағы спортшы бұған дейін канадалық «Калгари Койотс» командасында өнер көрсеткен. Қазақстанда «Томирис», «Айсұлу» клубтарында ойнаған. Қазақстан ұлттық құрамасының намысын 2011 жылдан бері қорғап жүр. Бес әлем чемпионатына қатысқан. 

Фото: tengrinews.kz

Мақала авторы:

Айман Сағатай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.