Жазушылар ұялмай оқуға ұсынатын шығарма жаза алмады

Қанағат Жүкешев - 19.08.20194146

Халықтың рухани өмірінде ұшырасатын кедергілердің түпкілікті себептерінің көбін ашып беретін ғылыми қызметтің екінші түрі – әлеуметтік лингвистика. Руханияттың жағдайы алдымен тілдің, сол тілде жасалған мәдениеттің, беріліп жатқан білімнің, таралып жатқан ақпараттың, тұтастай алғанда, сол тілдегі менталдық сөздік қорды пайдаланып жасалған контенттің сапасымен айқындалады.

Қазақстанда лингвистика ғылымы көшіп кеткен елдің жұртында шөгіп жатыр. Дүние жүзі дамудың индустриялы басқышына аттап кеткенде, қазақ лингвистикасы аграрлы қоғамдағы сипаттамаларымен қалып қойды. Қазақ руханиятының бар кеселі осыдан туындап отыр. Осы аядағы метаморфозаның ғажабы тіл біліміндегі лысенковщинадан және биліктің тіл мәселелерін толық шешуге құлық танытпауымен ағзалық байланыста өрбіп, сананың көлегейленуіне ұласып кетуінен көрініс беруде.  

Мына бір мәселеге көңіл аударып көріңіз. Қазақ жазушылары қала адамы өмірінен алынған, заманауи нағыздықтың, соның ішінде өнеркәсіптің, саясаттың, құқықтың өзекті мәселелерін көтеретін, қазақ еместерге ұялмай оқуға ұсынуға болатын, жаһандық деңгейдегі бәсекеге шыға алатын көркем шығарма жаза алмады. Әлеуметтік лингвистика тұрғысынан қарағанда мұның себебі аяқ астында жатыр. Автохтонды ұлт зиялыларының менталдық лексикасы ауыл тіршілігін, мал шаруашылығына қатысты оқиғаларды, отбасындағы туыстық, тұрмыстық қатынастарды ауыл адамының түсінігіне лайықтап, біршама сипаттап бере алғанымен, индустриялы қоғамдағы өмір шынайылығын ойдағыдай жеткізіп бере алмайды. Соның салдарынан, қазақтың ойы мен әрекеті де дастарқан басында құдалармен қауышудан аса алмай қалған.

Әлеуметтік лингвистика тұрғысынан қарағанда отандық тілтану ғылымында парадигмалық теріс бағыттарды аңғару қиынға соқпайды. Қазақ лингвистері әдеби лексика мен бейәдеби лексика, ресми стиль мен жалпақ тіл стилінің арасындағы айырманы көре алмады, тілді стандарттау, нормалау дегендердің байыбына бара алмады. Қазақтың тілі, ойы және әрекеті арасындағы детерминдік байланыстар да олардың когнитивтік картасындағы «ақтаңдақ» болып шықты. «Су айырығынан» жіберілген, стратегиялық сипат алған қателіктерді түзеп алмай, қазақ тілінің оңалмайтынын отандық тілтанушылар түсінетін түрі жоқ

Бұлар туралы да «Философия языка» кітабында жанжақты талдау берілгендіктен, бұл жерде әлеуметтік лингвистиканың руханияттағы қалтарыстар мен бұлтарыстардың сырларын ашудағы рөліне қатысты ойларымды осымен доғара тұрамын.

* * *

Қазақ руханиятының осалдығының басты себебі зиялы қауымының бар ғылымның түп қазығы, әдіснамалық негізі – философияға дендеп бара алмауынан туындап отыр. «Мен лингвиспін, маған философияның қажеті қанша» деп шатасады олар. Соңғы кездері кейбіреулер ЖОО-ларда философияны оқытудың керегі жоқ дегенді шығарып жүр. Уильям Шекспир айтқандай, бізде «философия тасын ұстайтындар жетіспейді». Рухани аядағы барлық кемшіліктердің түпкілікті себебі осыдан – философиялық талдаудың кемшіндігінен. Сондықтан қазақтың қылып жүргенінің бәрі қате.

Философия – таудан биік, мұхитттан терең ілім. Философияның қағидаларын айтып тауысу мүмкін емес. Оны біреуге үйрету де қиынның қиыны. Философияны түсіну үшін философ болып жаратылу керек. Даналық әрі қарапайым, әрі әрненің бетінде қалқып жүреді. Қатардағы көпшілік оны аңғармайды. Оны жүрекпен сезіне, ақылмен саралай білу керек. (Сананы ретке келтіретін, қазақ руханиятына қатысты тұжырымдардың үлкен палитрасы да «Философия языка» атты кітапта келтірілген).

Қанағат ЖҮКЕШЕВ, «Билік метаморфозасы» мақаласынан

(Жалғасы бар)

Фото: findself.ru

Мақала авторы:

Қанағат Жүкешев

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматыда блок-бекеттегі апаттан екінші полицей де қайтыс болды

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок-бекетте полиция қызметкері қайтыс болды

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар пандемияның шамамен қашан аяқталатынын айтты

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Сардоба ісі: алғашқы күдіктілер ұсталды (видео)

Қадір түні мешіттер жабық болады

Сайт Әкімшілігі

Қадір түні мешіттер жабық болады

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Сайт Әкімшілігі

Алматы: су басқан аймақтарға құтқару қызметі жұмылдырылды (видео)

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Сайт Әкімшілігі

Арыстағы жарылыс: әскери шенділер сотталуда

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Сайт Әкімшілігі

Карантиндегі Рамазан айы қалай өтпек?!

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Сайт Әкімшілігі

Жерді тауарға айналдырып, сатуға ешкім құқылы емес!

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Сайт Әкімшілігі

Алматы облысында блок бекетте жеті баланың анасы жоғалды

Доллар арзандай бастады

Сайт Әкімшілігі

Доллар арзандай бастады

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Сайт Әкімшілігі

Карантин кезінде қаржы алаяқтары пайда болды

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Сайт Әкімшілігі

Коронавирустан "Абди Ибрахим Глобал Фарм" бас директоры көз жұмды

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

Сайт Әкімшілігі

Індеттен қайтыс болған науқас 18 наурыздан бері жансақтау бөлімінде жатқан

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға берілген өтініштерді қарау кешіктіріледі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Сайт Әкімшілігі

Тікұшақ тізгіндеген қыз

Отанды емес, олжасын ойлапты

Сайт Әкімшілігі

Отанды емес, олжасын ойлапты

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Сайт Әкімшілігі

Билік неге қазақ деп аталуымызға қиянат жасайды?

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

Сайт Әкімшілігі

Жұмысы бар азаматтар жеке кәсіпкерлік ашып, 42 500 теңге алуға тырысқан (видео)

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды

Сайт Әкімшілігі

42 500 теңгені алуға арналған Help42500 боты іске қосылды