Светлана Алексиевич әлемнің озық елу ойшылының қатарына кірді

Айман Сағатай - 23.08.20191834

Беларусь жазушысы Светлана АЛЕКСИЕВИЧ әлемдегі топ-50 ойшылдың қатарына кірді. Бұл туралы «Жас АЛАШ» nn.by сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

prospectmagazine.co.uk құрған тізімге біздің өмірімізді өзгерткен ғалымдар,  философтар мен жазушылар кірген. Солардың қатарында  Нобель сыйлығының лауреаты Светлана АЛЕКСИЕВИЧ те бар.

Британдық журналдың жазуынша, 2015 жылы Нобель сыйлығын алған Светлана Алексиевич деректі проза арқылы Швед академиясынан сыйлық алған тұңғыш жазушы.

Светлана Алексиевич 1948 жылы Украинаның Станиславов қаласында дүниеге келген. «У войны не женское лицо», «Цинковые мальчики», «Чернобыльская молитва», «Время секонд-хэнд» атты шығармалары әлем оқырмандарына таныс.

1983 жылы Алесь АДАМОВИЧ пен Василь БЫКОВТЫҢ ұсынысымен КСРО жазушылар одағының мүшесі атанды. 2000 жылдары Италия, Франция, Германияда өмір сүрген. Жазушы Қырымның Ресей құрамына өтуі мен Украинаның шығысындағы соғысқа РФ-ның президенті Владимир ПУТИНДІ айыптаған.

Фото: womo.ua


Мақала авторы:

Айман Сағатай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.