Қос қазақ қола үшін бір-бірімен күреседі

Айман Сағатай - 25.08.20193057

Қазақстанның қос дзюдошысы қола жүлде үшін бір-бірімен күреседі. Олар әлем чемпионатында 60 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Ғұсман ҚЫРҒЫЗБАЕВ пен Елдос СМЕТОВ.  Бұл туралы «Жас АЛАШ» сайты хабарлайды.

Әлем чемпионы, Азия ойындары мен Азия біріншілігінің жеңімпазы, олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов ¼ финалда жапон балуаны Рю НАГАЯМЕДЕН ұтылып, жұбаныш белдесу арқылы қолаға таласу құқығына ие болды. Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға дейін жеткенімен ақтық сынға жете алмай қалды. Ол өзбек спортшысы Шарафутдин ЛУТФИЛЛАЕВТАН ипонмен ұтылып қалды. Енді Ғұсман мен Елдос қола үшін таласатын болады. Айтпақшы, биылғы әлем біріншілігінің тағы бір қызығы осы 60 келідегі екінші қолаға екі жапон балуаны таласады. Олар Рю Нагаяме мен Наохиса ТАКАТО.

Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан 33-ші әлем чемпионаты 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Еркектер мен әйелдер жеті салмақта өзара шын мықтыны анықтайды. Әлемнің 143 елінен 552 дзюдошы қатысып жатыр. Дзюдоның отанына Қазақстан намысын қорғау үшін 11 балуан аттанды. 9 спортшы жекелей сында бақтарын сынайды. Ал екі дзюдошы аралас-командалық жарыста күреседі.

Елдос Сметов (60 кг)

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)

Ерлан Серікжанов (66 кг)

Елдос Жұмақанов (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Руслан Мұсаев (81 кг)

Дидар Хамза (81 кг)

Ислам Бозбаев (90 кг)

Айбек Серікбаев (-100 кг)

Ақылбек Серік (mix team)

Ерасыл Қажыбаев (mix team)

Фото: fdk.kz

Мақала авторы:

Айман Сағатай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.