Жамбылда ет экспорты екі есеге артты

Оралхан Дәуіт - 22.08.2019522

Елімізде ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы саласын дамыту туралы бірнеше бағдарлама бар. Және әр өңірде мал шаруашылығына субсидия бөлініп, мал бордақылау алаңдары ашылып жатыр. Бұрынғыдай еттерін қара базарға емес, осындай арнайы орындарға өткізу де ақырындап жолға қойылып келеді. Осының нәтижесінде, соңғы жылдары етті шет елдерге экспорттау саласында да өсім байқалады. Кез келген өндірістік саланың қай деңгейде екенін көрсететін басты көрсеткіш те осы экспорт мәселесімен байланысты. Экспортың қаншалықты көп болса, ісің соншалықты жоғары деңгейде жүріп тұр деген сөз.

Жамбыл облысы жерінің шұрайы жағынан да, басқа жағынан да мал шаруашылығы саласында жетекші облыстардың бірі деуге болады. Облыста соңғы жылдары мал басы саны артып келеді. Бірқатар атқарылып жатқан шаруалар да аз емес. Соның нәтижесінде Әулиеата өңірінде шет елдерге ет экспорттау көрсеткіші артып келеді. Оны биылғы көрсеткіштер еркін дәлелдеп тұр. Еске сала кетсек, биыл қыстағы көрсеткіш бойынша ет экспорты бойынша, оның ішінде қой етін шет елдерге шығару бойынша жамбыл облысындағы көрсеткіш 5 есеге артқан. Енді, осы көрсеткішті сиыр еті дәлме-дәл қайталамаса да, өсу бар екенін көрсетіп отыр.

Биылғы жылдың алты айында Жамбыл облысы 374 тонна сиыр етін экспортқа шығаруды жоспарлаған болатын. Нәтижесінде 798 тонна сиыр еті шетелге шығарылды. Яғни, жарты жылдың қорытындысы бойынша облыста сиыр еті экспортының жоспары 2 есеге артты.

Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашевтің айтуына қарағанда ауылшаруашылығы саласында жарты жылда облыста өндірілген өнімінің көлемі 61,3 млрд. теңгені құрап, жарты жылдық жоспар толық орындалып отыр. Незігі о бастағы жоспар 54,6 млрд. теңге еді.  Сондай-ақ, егін шаруашылығы өнімінің көлемі – 1 616,4 млн. теңгені, мал шаруашылығы өнімінің көлемі 59 164,9 млн. теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі облыс бойынша 16,9 млрд. теңгені құрап, жоспар 152,0 пайызға орындалды.

Ал, тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі облыс бойынша 5,6 млрд. теңгені құрап, жоспар 172,0 пайызға жетті. Сонымен қатар, қозы етін экспорттау көрсеткіші облыста 504,8 тонна экспортталып, 120,1 пайызға орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы аясында аналық қой басын сатып алудың жылдық жоспары 40,0 мың бас болса, бүгінгі күнге 34,3 мың басқа өтінім қабылданып, одан 24,0 мың бастың өтінімі мақұлданған.

2019 жылғы 1 шілдеге облыстағы мүйізді ірі қара мал саны 446,7 мың басқа жетіп, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайыз, қой мен ешкі саны 3,5 млн. басты құрап, 3,6 пайызға, жылқы 140,5 мың басқа жетіп 6,9 пайызға, түйе саны – 7,5 мың басты құрап, 10,5 пайызға, құс саны – 1,5 млн. басқа жетіп, 6,8 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, ет өндірісі 54,4 мың тоннаны құрап, 4,3 пайызға, сүт өндірісі 151,6 мың тоннаны құрап, 3,0 пайызға, жұмыртқа өндірісі 59,7 млн. дананы құрап 8,8 пайызға артуда.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында шет елден импортталатын асыл тұқымды МІҚ мал басын сатып алу жылдық жоспары 4,0 мың бас болса, 2752 бас сатып алуға өтінімдер түсіп, одан 1850 бастың өтіні мақұлданған. Жылдық жоспар мақұлданған өтінімге шаққанда 45,8 пайызға, қабылданған өтінімге шаққанда жоспардың орындалуы 68,8 пайыз құрап отыр.

Ал, 2019 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 687,1 мың гектарға орналастырылды. Яғни, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 352,4 мың гектар, майлы дақылдар 60,9 мың гектар, қант қызылшасы 5,6 мың гектар, картоп 10,1 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 66,3 мың гектар, мал азығы дақылдары 207,3 мың гектарға егілді. Бұл дегеніміз 2018 жылмен салыстырғанда 18,6 мың гектарға артық.

15 тамызға дәнді масақты дақылдардың 329,1 мың гектары орылып, барлығы 748,0 мың тонна дән бастырылды, орташа өнімділік әр гектардан 22,7 центнерді құрап отыр. Егін орағы әлі жалғасуда. Сонымен қатар, 1,5 млн. тоннаға жуық пішен, 44,1 мың тонна пішендеме және 86,6 мың тонна сабан дайындалды. Мал азығы дайындау жұмыстары жалғасуда.

Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлінді. Жоспар бойынша 22,4 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына пайдаланып, жалпы егістік алқаптың 22,0 пайызын қамту жоспарланған. 2019 жылдың 15 тамызына ауыл шаруашылығы құрылымдары тарапынан 16,5 мың тоннасы алынып, ауыл шаруашылығы дақылдарына ендірілуде.

Енді күзгі дала жұмыстарына аудандардағы шаруа қожалықтардың ауыл шаруашылығы техникалары (тракторлардың барлық түрлері бойынша 5063 бірілік, астық ору комбайндары 695 бірлік және басқада қажетті техникалары) 100 пайызға жазғы және күзгі дала жұмыстарына дайын. Оның ішінде егін орағына қатысты 695 астық ору комбайндары толығымен егін орағына қатысуда.

Үкімет тарапынан Жамбыл облысының диқандарына күзгі жинау және егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін 16200 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Егін орағы және басқада күзгі дала жұмыстарына қажетті шілде айына бөлінген 5800 тоннаның 5284 тонасы жеткізіліп, шаруашылықтарға 4562 тоннасы таратылды.

Ал, 2020 жылдың өніміне сүр (пар) көтеру шаралары облыс бойынша 97,9 мың гектар алқапқа жоспарланса, нақты көтерілгені 99,5 мың гектар немесе 101,7 пайыз. Бірінші өңделгені 99,5 мың гектар, 100 пайызды, екінші өңделгені 97,3 мың гектар, 97,7 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы 6043 гектар алқаптағы парға химиялық өңдеу жұмыстары атқарылды.

Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру мақсатында, Жамбыл облыстық «Аграрлық Кредиттік Корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша, 43 ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 363,1 млн. теңгеге өтінім түсіп, таратылды. Сонымен қатар, Жамбыл облысытық «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы «Егінжай» бағдарламасы бойынша 2 шаруашылыққа 10,0 млн теңге қаржыландырылып отыр.

Облыста ауыл шаруашылығы алқаптарындағы су жүйелері мен каналдарды тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын тұрақты жүргізу мақсатында 2018 жылы «Талас-Аса» су шаруашылығы кәсіпорны базасында облыстық механикалық жасақ құрылған. Оның материалдық-техникалық базасына облыстық бюджеттен 401,5 млн. теңге бөлініп, барлығы 17 бірлік мелиоративтік-құрылыс техникалары сатып алынды.

2019 жылдың І-жартыжылдығында облыс аумағында 60 шақырым құрайтын 16 каналдары мен 2 су қоймаларына және 4 жеке шаруашылық каналдарына жөндеу, тазалау жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 5214 гектар суармалы алқап қалпына келтірілді. Одан бөлек су қоймаларына жөндеу жұмыстарымен қатар Байзақ ауданында Талас өзенінің жағалауына бекіту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, бірқатар жекеменшік су жүйелеріне тазалау жұмыстары атқарылды.

Осы ауылшаруашылығы кооперативтерін жабдықпен қамтамасыз ету үшін жалпы сомасы 3,7 млрд. тенгеге 11 модульді сүт қабылдау пункті, 5 сүт тасымалдайтын автокөлік, 3 модульді мал сою алаңы 1 ет тасымалдауға арналған рефижиратор көлігі, аналық 5056 бас МІҚ малын, 10 019 бас бұқашық сатып алынды. Қазіргі уақытта, 9 сүт өңдеуші кәсіпорынға сүт өткізуде. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының әлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсарту жобасы аясында аушаруашылығы кооперативтерінің жұмысын жандандыру үшін қосымша 78 сүт қабылдау танкер, 85 сүт тасымалдағыш автокөлік, 7 сүт өңдеу цехы, 48 сүт сауатын аппарат, 45 мұздатқыш, 15 рефрижиратор және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары сатып алу жоспарланып, қажетті қаражат көлемі 5,8 млрд. теңгені құрап отыр.

«Ағымдығы жылдың сәуір айында ауыл шаруашылығы министрлігімен жасалған үш жақты келісім негізінде 5,1 млрд. теңгенің 4,1 млрд. теңгесі қаржы институттарына аударылып берілді. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалына - 2 466,6 млн. теңге және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалына - 1 644,4 млн. теңге. Жалпы алғанда бүгінгі күнге 333 үміткер 1191,8 млн. теңгеге несие қаржатымен қамтамасыз етілді» дейді Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев

Облыс аумағындағы коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарын республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. Барлығының ұзындығы 2960 шақырымды құрайтын 436 нысан өткізілу жоспарланса, бүгінгі күнге 387 нысан өткізіліп, қалған 49 нысан 2019 жылы өткізілетін болады.

Фото: alageyim.kz

Мақала авторы:

Оралхан Дәуіт

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.