Павлодарлық студент музыканттар халықаралық байқаудан жүлдемен оралды

Дерек көзі: www.azattyq.org - 15.11.2018212

Павлодар мемлекеттік униврситеті "Орындаушылық өнер" факультетінің студенттері "Bishkek music games" III Халықаралық байқауына аттаныпты. Онда жеткен жас дарындар музыкалық аспаптарда ойнап, өзге елдердің өнерпаздарымен бақ сынасқан. -"Халық аспаптары" номинациясында әділқазылар бір ауыздан Маржан ЖҰМАБАЕВА мен Аида МАХАМБЕТОВАНЫ ең мыңты деп таныды.  Ал "Фортепиано" номинациясында Валерия РОМАНЧИКОВА I деңгейлі лауреат атанды, -дейді Павлодар Мемлекеттік университеті медиа орталығының мамандары.  Жас өнерпаздар Silver Line санатындағы бірнеше туындыларды қобыз, домбыра және фортепиано аспаптарында ойнаған. Сахнада Сергей Рахманиновтың, Евгений Брусиловскийдің және Малғаждар Әубәкіровтардың танымал шығармаларының орындалғанын айта кетейік. Халықаралық байқаудан жеңіспен оралған бойжеткендердің өзі шарадан көп сабақ алғандарын айтады. - Байқаудан үлкен тәжірибе жинап қайттық. Сондай-ақ, енді шетелдегі достарымыздың қатары көбейді. Алдағы уақытта да сайыстарға қатысып, ел намысын қорғағымыз келеді. Осындай байқаулар бізге шабыт береді, - дейді Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Маржан ЖҰМАБАЕВА.  Халықаралық байқауда бақ сынасқан жастарға өнерге еңбегі сінген қайраткерлер мен Қазақ өнер академиясының мамандары қазылық еткен. Сайысқа сондай-ақ, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресейдің әншілері қатысыпты. Елге жүлдемен оралған өнерпаздардың келесі жылы Рим қаласында өтетін байқауға 100 евро көлемінде жеңілдікке ие болыпты. Шара 2019-шы жылдың наурыз айында Италияда өтеді деп жоспарлануда.

Мақала авторы:

www.azattyq.org

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.