Вирджил ван Дейк Месси мен Роналдудан басып озды

Айман Сағатай - 30.08.20191635

Голандия құрамасы мен ағылшындық Ливерпуль командасының қорғаушысы Вирджил ван ДЕЙК 2018/19 маусымы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды. УЕФА 2011 жылы тағайындаған бұл жүлде Монакода тапсырылды.

Бұл жүлдге ван Дейктен бөлек Барселона шабуылшысы Лионель МЕССИ, Ювентустың ойыншысы Криштиану РОНАЛДУ үміткер болған. Өткен маусымда ван Дейк Ливерпуль сапында Чемпиондар лигасы мен УЕФА-ның суперкубогін ұтып алды.

Спорт сарапшылары биылғы Алтын допқа да басты үміткер ван Дейк дейді. Әрине бір-бірімен жарысып алтын допқа иелік етіп келе жатқан Месси мен Роналду да дәмелі. 2006 жылы бұл марапатқа италиялық футболшы Фабио КАННАВАРО ие болған еді. Содан бері қорғаушылар алтын допты ала алмай келе жатыр.

Фото: eurosport.ru

Мақала авторы:

Айман Сағатай

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.