Жамбылда туризм бойынша 7 млрд теңгелік жоба басталды

Нұрболат Әлдибек - 28.08.20191365

Жылдан-жылға Жамбыл облысында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштер мен өңірдегі көркем табиғатты тамашалауды құп көрген туристердің саны артып келеді. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 21,4 пайызға өскен.

«Бүгінде Жамбыл облысы экономикасының басым бағыттарының бірі ретінде туризм саласының дамуына ерекше көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Жоспарланған мақсат пен міндеттерге қол жеткізу үшін облыстың оң туристік имиджін қалыптастыру және туристік ағымды тарту үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Өңірдегі туристік қызметті дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын «Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылған болатын.

Бұл басқарма аймақтың туризмін дамыту перспективаларын анықтай отырып, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау, туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, бәсекеге қабілетті туристік бағдарламаларды қалыптастыру және жүзеге асыру, туризм саласына инновациялық технологияларды енгізу мен инвестиция тарту, «Ұлы Жібек жолындағы» туризмді дамыту мен алға бастыру және т.б. мәселелерімен айналысады»,- дейді Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.

Жыл басынан бастап аймақтағы туризмді дамыту мақсатында облыстың оңтайлы имиджін қалыптастыруға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылған. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан өңірдегі туризм саласы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың аумақтық көлемі – 3 миллиард 521 миллион 639 мың теңгені құраған.

Қазіргі таңда Жамбыл облысында туризм саласын дамыту бойынша екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Соның бірі – Жуалы ауданындағы  «Қаралма» тау-шаңғы базасы. Бұл жобаның құны - 3 миллиард 355 миллион теңгені құрайды. Кешен  Талас Алатауының 3200 метр биіктігінде орналасқан. Бүгінгі таңда құрылысқа 274 га жер телімі бөлініп, электр қуатымен жабдықтау, газ мен су құбырын жүргізу инженерлік коммуникациялары өтетін жерлері анықталып, автожол құрылысы аяқталды.

Техникалық сипаттамалары бойынша арқанды жолдың ұзындығы 2050 метрді құрайды. Кешеннің құрамына 20 коттедж, 100 орындық 1, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, бақылау мұнарасы, қызмет көрсету орталығы, 100 автокөлікке арналған автотұрақ, бассейн және басқа да сауда-ойын-сауық орындары кіреді.

Ал екінші жоба Тараз қаласының орталығынан ашылады деп күтілуде. Ол «Шахристан» этно-мәдени кешені» жобасы. Ол 13 863 шаршы метр аумаққа орналасатын болады. Жобаның жалпы құны -3,768 миллиард теңге. Оның ішінде: «Руханият орталығы», музей, көрме орталығы, сурет галереясы, «Арбат» қарастырылған. Сонымен қатар, ежелгі салт-дәстүрлерді жаңғырту мен облыстағы кәдесый өнімдерін өндіруді дамытуды көздейтін «Тараз шеберлері» қолөнершілер қалашығы орналасатын болады.

Мақсаты қолөнер мұрасын өмірге әкелген кәсіпкерлерге қолдау көрсету арқылы өңірімізге туристерді тарту. Қолөнер шеберлеріне өз туындыларын сатуға мүмкіндік тудыратындай жағдай жасау. Бүгінгі таңда жобаның эскизі әзірленіп, аумақты құрылысқа дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Мақала авторы:

Нұрболат Әлдибек

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

Баған

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Сайт Әкімшілігі

Қарағандылық 91 жастағы қария короновирустан сауықты

Жалғыз өзі сотталды

Сайт Әкімшілігі

Жалғыз өзі сотталды

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

Сайт Әкімшілігі

Бактерияға және вирусқа қарсы дәрі-дәрмектің тізімі жарияланды

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: билік бұл індеттен халықты құтқара ала ма?

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Сайт Әкімшілігі

«150 мың теңгені қайтарып бер» (видео)

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

Сайт Әкімшілігі

Отандық медицинамыздан қайыр болмай тұр

«Сабыр түбі – сары алтын»

Сайт Әкімшілігі

«Сабыр түбі – сары алтын»

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Сайт Әкімшілігі

Әкімдік "Алматы облысында блок-бекеттер қойылады" деген хабарламаға жауап берді

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Сайт Әкімшілігі

Бір тәулікте 569 адам коронавирус жұқтырды

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Сайт Әкімшілігі

Арман ШОРАЕВ: Путин – Ресейдің ең басты трагедиясы

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

Сайт Әкімшілігі

Астаналық дәрігер көзіне жас алып, ауруханадағы жағдайды айтып берді

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Сайт Әкімшілігі

COVID-19: Алматыда 14 науқастың жағдайы өте ауыр

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Сайт Әкімшілігі

Одақ ішіндегі апан: құрдымға кім кетеді?

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Сайт Әкімшілігі

Вирусолог мамандар коронавирус жұқтырып жатыр

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Сайт Әкімшілігі

Коронавирус жұқтырғандардың 119-ы жансақтау бөлімінде жатыр

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Сайт Әкімшілігі

Қазан басында жүрген қазақ әйелдері билікке неге ашынады?

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

Сайт Әкімшілігі

Ғалымдар коронавирустың жаңа мутациясын анықтады

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Сайт Әкімшілігі

«Жер де, үй де жоқ, «Алтын алқаны» ломбард алмайды», Үкімет аналарды қашанғы алдайды?

Қарағандыда атыс болды

Сайт Әкімшілігі

Қарағандыда атыс болды

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?

Сайт Әкімшілігі

«Кекілін қайырып, жағын айырып тастаймыз!» псевдосәләфиттер биліктің маңдайын «сипап» отыр ма?