Жаңаөзендегі митинг: Айқаймен ештеңе шешілмейді (видео)

Қанат Тілеухан - 03.09.20192676

Бүгін Жаңаөзен қаласына Маңғыстау облысының әкімі Серікбай ТҰРЫМОВ келді. Ол кешеден бері қытайлық компаниялардың Қазақстанға кіруіне қарсы наразылық танытып жатқан көпшілікпен кездесті. Бұл туралы «Жас АЛАШ» хабарлайды.

Кеше қала әкімдігі алдына жүзге жуық адам жиналып, Қазақстанның Қытаймен бірігіп 55 зауыт салу туралы шешіміне қарсылық білдірген-ді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ 11-12 қыркүйек күндері Қытайға жоспарланған ресми сапарынан бас тартуды да талап еткен.

Облыс басшысы Серікбай Тұрымов Маңғыстау облысының экономикасы мұнай мен газға ғана қарап тұр дейді. Сондықтан экономикамызды әр тараптандыруымыз керек деп бастады сөзін.

«55 қытай зауыты кіретін бізде мемлекеттік бағдарлама жоқ. Зауыт салуға рұқсат берілген жоқ. Бізге өнім өндеу керек. Бірақ Қытай емес. Ресей, АҚШ, Иран басқа да елдермен қарым-қатынасымыз бар. Қазақстан өзімен-өзі дами алмайды. Басқа елдермен жан-жақты қарым-қатыста дамиды. 55 зауыт бұл жерге салынбайды. Айқаймен ешнәрсе шешілмейді. Барлығы ақылмен шешілу керек. Басқа талаптарыңыз болса қағазға түсіріп маған беріңіздер. Мен жоғарыға жеткіземін», - деді облыс әкімі.  (ВИДЕО)

2019 жылдың сәуір айында экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қытайдың Қазақстандағы 55 ірі жобасының 15-і жұмысын бастағанын қытайлық басылымдарға берген сұхбатында айтқан. Былтыр ҚХР Қазақстанға 2 млрд 62 млн юань кредит берген. Ресми Бейжіңге қарызымыз 12 млрд АҚШ долларынан асады.

Фото: lada.kz


Мақала авторы:

Қанат Тілеухан

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.